ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

«ЖОЛДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖАҢА ФОРМАТТА

20:40, 18 қазан 2019

Қостанайда «Жолда қабылдау» акциясы жаңа форматта өтуде. Шараның басты мақсаты – тұрғындарға көші-қон заңдары, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші және жеке бас куәлігін алуға қатысты толық ақпарат беру. Екі күнге жоспарланған акцияда полиция департаментінің басшылары жол қауіпсіздігінен бастап, әкімшілік айыппұлдарды төлеуге қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.

«Жолда қабылдау» акциясының ерекшелігі – мұнда кез келген тұрғын келіп құзырлы орган өкілдеріне көкейкесті сауалдарын қоя алады.  Бір ұтымды тұсы – көмекке жүгінгендердің мәселелері жедел түрде шешілуде. Мәселен, Евгений Осипов алкоголді өнімдерді қаланың кейбір дүкендері түнгі уақытта сататынын айтты. Департамент басшылығы бұл сұраққа да жауап берді.

Азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру – басты мәселелердің бірі. Сондықтан, мамандар халықтың кез келген сұрағына жауап беруге дайын екендерін жеткізді.

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы Ішкі істер министірлігінің нұсқауы бойынша ұйымдастырылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шара сәуір айында бастау алған болатын.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар