ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ЖОЛДА ҚАЛҒАН 22 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

20:16, 23 қаңтар 2020

Ауа райының аяқ астынан бұзылып, өңірдегі қарлы-бұрқасынға байланысты қаңтардың 22-сі мен 23-не ауған түні аймақта 4 құтқару операциясы жүргізілген. Құтқару жұмыстары Амангелді, Қостанай, Әулиекөл және Алтынсарин аудандарында жүзеге асты. 23-ші қаңтарда да облыс аумағында дабылды ескерту жарияланып отыр. Мамандар боран соғып, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болатындығын хабарлайды.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі жасағының және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің 18 қызметкері мен 6 техникасы жергілікті атқарушы органдар көмегімен қар құрсауында қалған 22 адамды құтқарды. 9 көлік жолдың қауіпсіз бөлігіне шығарылып, әрі қарай сапарларын жалғастыруға мүмкіндік алды, Зардап шеккендер жоқ.

Графика:

Өткен тәулікте қар құрсауынан құтқарылғандар

Амангелді ауданында 1 көлік, 3 адам

Қостанай ауданында 3 көлік, 10 адам

Әулиекөл ауданында 1 көлік, 5 адам

Алтынсарин ауданында 2 көлік 4 адам эвакуацияланды

Аймақ көлеміндегі күрделі ауа райына және қардың мол түсуіне байланысты облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды тазалау, сондай-ақ, ауыл жолдарын қардан аршып, кеңейту үшін арнайы техникалар жұмылдырылып жатыр. Сонымен қатар, жолда қалғандарға арналған жылыту бекетері де жұмыс істеуде, -  дейді мамандар.

Ал, синоптиктердің болжауынша қаңтар айы бойы ауа температурасы -6, -7 градус  болады. Биыл қар өткен және алдыңғы жылдармен салыстырғанда көбірек түскен. Облыс бойынша қардың орташа қалыңдығы 19 см жетіп отыр.    

Синоптиктер де, құтқарушылар да қаңтар айының аяғына дейін жолда жүру қауіпі артады дегенді айтады. Осыған байланысты, ТЖД тарапынан тиісті смс хабарландырулар жіберіліп отырады. Сондықтан, ескертуді ескерген жөн. Сақтансаң ғана сақтайды дегенді санаңызда сақтаңыз.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:38, 27 ақпан 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
20:33, 27 ақпан 2020
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
Толығырақ...
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
20:31, 27 ақпан 2020
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...