ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНДА ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕР

20:35, 3 маусым 2020

Халықтың сұранысына және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты елімізде жолаушылар пойыздары биылғы 1 маусымнан жұмыстарын қайта бастады. Алайда шойын жолмен діттеген жеріне барғысы келетін тұрғындар санитарлық ережерді сақтауы керек. Темір жол қатынастарына қойылған талап қандай? Қостанайлықтарға қай бағытқа баруға мүмкіндік бар?

Елімізде темір жол тасымалы сапарға шығуға  15 мамырдан бастап дайындығын бастаған болатын. Бағыттар анықталып, билеттер сатылды. Алайда өздерімен бірге бірнеше қолдорбасын арқалай шығатын тұрғындар үшін оңайға соқпайын деп тұр.Себебі санитарлық ереже бойынша шығарып салушылар мен күтіп алушыларға вокзалға кіруге рұқсат жоқ.

1 маусымнан бастап 54  пойыз жүре бастады. Оның ішінде  Қостанай- Алматы, Қостанай- Қарағанды, Қостанай -Арқалық бағыттары бар. Деседе мамандар ұзақ жолға шыққан жолаушыларға өздерімен бірге ас-суын жеткілікті алып шығуға кеңес береді. Себебі карантинге байланысты вокзалдарда асханалар әлі жұмысын бастамаған.

Бүгінде күнделікті жүретін пойыз билеттерінің сатылымы 90 пайызды құрайды. Алдағы уақытта ковид 19 індеті бойынша жүрісі тоқтаған пойыздар арасында тағы да өзгерістер болады. 10 маусымнан бастап 39 пойызды жолға шығару жоспарланып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
20:30, 15 шілде 2020
АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:30, 10 шілде 2020
ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...