ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ 20 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ Толығырақ

Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!

17:57, 13 шілде 2017

Жергілікті полиция қызметі өкілдері мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық филиалы бірлесіп, балаларға арналған жолдағы қозғалыс ережелері енгізілген электронды оқулықты жарыққа шығарды. Жаңа цифрлық білім беру ресурсының тұсауы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ресми түрде кесілді.

Жол тәртібін сақтаймыз, бағдаршамда тоқтаймыз. Бұл бастауыш сынып оқушыларын жолда жүру ережелеріне үйрететін ұйқасқа құрастырылған екі жол өлең. Енді шәкірттер құр бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде ғана емес, қозғалыс тәртібі бойынша басқа жерлерде қалай жүру керектігін көкейге қондырады. Бұл ретте, оларға электронды оқулықтың орасан көмегі тиеді дейді пайдалы әдістемелік құралды жарыққа шығарғандар.

Оқулық 1-8 сынып шәкірттеріне арналған. Жолда жүру ережелерін екі тілде үйретеді, қазақша және орысша. Қозғалыс тәртібі тақырыбына түсірілген түрлі мультхикаялар енген бейнетаспасы да бар. Бұл көрнекілік арқылы ереже де есте жақсы сақталады. Пайдаланылған әдебиеттер мен роликтердің тізімі көрсетілген. Олардың төлиелерінің құқықтары сақталған.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының қағидаларын қатаң қадағалап та, үйретіп те жүр. Оқушыларға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Соның арқасында жол-көлік оқиғалары алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама кеміген. Енді, тіптен сирейді деген үмітте. Себебі, электронды оқулықтың төменгі сынып оқушыларына тигізер пайдасы зор деп сенеді. 

Тақырып бойынша материалдар

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ - ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
13:00, 24 сәуір 2018
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ - ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
Толығырақ...
112 ЕСКЕРТЕДІ! БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:46, 23 сәуір 2018
112 ЕСКЕРТЕДІ! БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар