ШҰҒЫЛ! «МЕН ҚАЗАҚПЫН» ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жол айрығындағы ертегі...

19:58, 11 қыркүйек 2017

Ережені сақта, бағдаршамда тоқта. Ал, орыс драма театрында балалар жол ережелерін үйренуде. Өкінішті жағдайлардың алдын алуға актерлер де атсалысуда. «Жол айрығындағы детектив» деп аталатын қойылымға сол сияқты білім саласының қызметкерлері мен полицейлер да қатысты.

«Жол айрығындағы детектив». Қойылым қызықты, жеңіл. Көрермендері – балалар. Ықылас қойып, қызыға тамашалап отыр. Актерлердің мақсаты – жол ережесін балғындардың қаперіне қондыру. Ойын арқылы, спектакль арқылы. Сонда тез қабылданады деп есептейді.

Басты ерекшелік – спектакльге нағыз полицейлердің де қатысуында. Мектептегі сияқты жаттанды емес, көрнекі құралдың да қажеті жоқ. Форма киген тәртіп сақшысы қызықты әдістермен балаларға жол ережесін түсіндіруде.

Балалар шынайылықты сезінгендері көрініп тұр. Театр ұжымының да көздегені сол. Әртістер бар шеберліктерін көрсетуде.

Көшедегі қозғалысты реттеушінің де рөлі зор. Жүргінші өтпелерінің белгілерін қай жерде, қалай кездесетінің ұғындыру. Көшеде дұрыс жүру ережесін қалыптастыру және қауіпсіздік ережесін меңгерту керек. Кішкентай көрермендердің зейіні енді соған ауды.

Интерактивті оқыту деп нағыз осы әдісті айтуға болады. Жол ережесін, бағдаршам туралы әдейі білмеген боп соңында балалардан сұраған ересектерге олар жарыса жауап беріп жатыр. Ендеше, нәтиже бар. Мақсат орындалды.

Тақырып бойынша материалдар

СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
20:40, 17 мамыр 2018
СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ЕҢБЕКПЕН ҚАМТЫЛУДА
20:35, 17 мамыр 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ЕҢБЕКПЕН ҚАМТЫЛУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
20:50, 14 мамыр 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
«MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ІРІКТЕУІНДЕ 6 ӨНЕРПАЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
11:42, 15 мамыр 2018
«MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ІРІКТЕУІНДЕ...
Толығырақ...