ШҰҒЫЛ! COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Толығырақ

ЖІТІҚАРАДАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛУДА

13:19, 19 мамыр 2020

Жітіқарада скринингтік зерттеулер жүргізуді күшейтудің арқасында УК 161/3 қызметкерлері арасынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған 25 адам анықталды.

Қостанай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің материалынан толығырақ:
Қостанай облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің департамент басшысы Орал Бекмағамбетовтың айтуынша,
қосымша екі зертхананы ашу нәтижесінде тексерілгендер санын тәулігіне 600-ден 1200 адамға дейін 2 есе арттыру мүмкіндігі пайда болды.
- Бұл барлық жоғары қауіп топтарын қамтуға мүмкіндік берді: жоспарлы емделуге баратын пациенттер, созылмалы аурулары бар 50 жастан асқан пациенттер – бірінші кезекте өкпе аурулары, қант диабеті және т.б., - деп атап өтті сұхбаттасушы. - Сондай-ақ, біз облыстың жабық мекемелерін толық көлемде қамтыдық, олардың бірі - УК 161/3 мекемесі.
Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаментінде атап өтілгендей, бұл мекеме үнемі тұрақты бақылауда болды. Жітіқарадағы алғашқы жұқтырғандар, сондай-ақ осы мекемелерде аурудың жекелеген жағдайлары анықталған сәттен бастап облыстық жедел штаб барлық қызметкерлерді 100%  тексеруден өткізу туралы шешім қабылдады
Анықталғандардың ішінде тек 2 жеңіл катаральды құбылыс бар: мұрын, тамақтың ашуы,  қалғандарында айтарлықтай симптомдар жоқ.  25 адамның барлығы Жітіқара АОА жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Барлық пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық.
Бұдан басқа, жұқтырғандардың ең жақын байланыстары, оның ішінде сотталғандар да тексерілді, барлығында тест нәтижесі теріс болды.
Жалпы, УК 161/3-де 287 сотталғандар ұсталады, 87 қызметкер жұмыс істейді. Қостанай облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Бауыржан Оразалиннің айтуынша, карантиндік іс-шаралар барысында қызметкерлер мен сотталғандар арасындағы байланыс барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес азайтылды. Теріс тест нәтижесі бар қызметкерлер үй карантиніне жіберілді.  
- Өмір сүру нысандарының жұмысын қолдау үшін УК 161/3-не облыс мекемелерінің резервінен қызметкерлер жіберілді,- деді Оразалин. Қазіргі уақытта мекеме штаттық режимде жұмыс істейді, барлық дезинфекциялық іс-шаралар, термометрия тұрақты негізде жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетсек, 18 мамыр күні УК 161/3-де 19 жұқтырған анықталып, бүгінгі күні 6 жаңа оқиға тіркелген.

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
20:27, 27 мамыр 2020
КАРАНТИН ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК
20:26, 27 мамыр 2020
COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...