ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ: ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ ӨТТІ

20:32, 10 ақпан 2020

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл. Сол бір сұрапыл жылдары қан майданға 1 миллион 200 мың Қазақстан азаматы аттанды, олардың жартысынан көбі елге оралған жоқ. Ұлы отан соғысы кезінде қазақ жауынгерлері ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ел үшін жауға қарсы тұрған майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс. Осыған орай, облыстық өлкетану музейі жеңіс күніне орай көрмені ерекше түрде ұйымдастырды.

Богдан Кехтер - облыс орталығындағы колледждердің бірінде оқиды. Ұстаздарынан Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған көрме болатынын естіп, достарымен бірге көруге келіпті. Айтуынша, оның да аталары соғысқа қатысқандардың қатарында болған.

Қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын №18 қоғамдық көлігіне мінгендер алдымен таңданыстарын жасырмады. Автобустың екінші қабаты нағыз музейдегі көрмеден кем емес.    Музейге баруға уақыт таба бермейтін кез-келген қала тұрғындары мен қонақтарына осылайша сұрапыл жылдардан сыр шертетін суреттерді көруге мүмкіндік туды.

Бүгінгі бейбіт күннің ұрпағы қиын-қыстау күндерде Отан үшін отқа түскен батырларды әр мерекеде сый-сияпаттарымен барып құттықтауды ұмытқан емес. Тек мерекеде ғана емес, жылдың басқа да күндерінде ардагерлерімізді ұлықтау қазіргі ұрпақтың басты  парыздарының бірі дейді ұйымдастырушылар.

Тақырып бойынша материалдар

"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ БАСТАУ АЛДЫ
20:30, 21 қыркүйек 2020
"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...