ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС АУМАҒЫНА КІРУГЕ ДЕ, ШЫҒУҒА ДА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:39, 9 тамыз 2019

Сыбайлас жемқорлық – елдің өркендеуіне тежеу болатын індет. Бұл – ұлт жоспарының 13-ші қадамында нақты айтылған. Полиция департаментінде коррупциялық қылмыстармен жүйелі түрде күресу тәсілдері айтылды. Сала мамандарының мәліметіне сенсек, биыл тәртіп сақшыларына қатысты 35 заңбұзушылық тіркелсе, 19 полицей қылмыстық жауапқа тартылған.

Басқосудың басты көздегені – құқық қорғау органы қызметкерлері арасында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жолын кесу.  Полицейлер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент өкілдері  коррупциялық қылмыспен күресудің тиімді жолдарын  іздестірді. Соның бірі -  әлеуметтік індеттің зардабы жайында азаматтарды барынша ақпараттандыруға қатысты.

Құқық қорғау органдары- жемқорлық жиі тіркелетін сала. Полиция Департаментінің өкілдері  осы мәселеге қатысты   криминогендік жағдайды баяндады. Бүгінде полицейлер  пара алып жатқан сәтінде қолға түсіп,  темір торға тоғытылғаны жасырын емес. Сол себепті аталмыш мәселенің өзектілігі  баршаға аян.   Биылғы жылдың 7 айында  тәртіп сақшыларына қатысты 35 заңбұзушылық тіркелді. 19 қызметкер  қылмыстық жауапқа тартылды.  

Сыбайлас жемқорлық мәселесі  сөз болған жиында ел ертеңі үшін аса қауіпті кеселді ауыздықтауға  бұқараның  жұмыла атсалысу керектігі айтылды.Жауапты мекеме басшыларының пікірі осыған саяды.   Сыбайлас жемқорлық  құқық қорғау саласын жайлап алмасы үшін түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылмақ. Ең бастысы Полиция департаменті коррупциялық қылмыстарға қарсы күресті күшейтпек.  

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕСІ
21:00, 31 наурыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒД...
Толығырақ...
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
20:46, 31 наурыз 2020
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:27, 26 наурыз 2020
ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...