ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС. СОҢҒЫ 6 АЙДА 86 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛДІ

20:30, 30 шілде 2020

450 миллион теңге. Қостанай облысында парақорлар осындай сомаға мемлекетке шығын келтірген. Қаражаттың 414 миллион теңгесі қазынаға қайтарылды. Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жарты жылдағы жұмысын қорытындылады. Жалпы биыл коррупциялық қылмыстардың алдын алуға басымдық берілді.

Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және құрылыс. Өкінішке қарай, осы салаларда сыбайлас жемқорлық қауіпті деңгейге жетіп отыр. Жыл басынан бері 86 қылмыс тіркелген.

Мемлекеттік сатып алу саласы да - басты назарда. Бұл бағытта «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мониторинг жүргізеді. Соның нәтижесінде бюджеттік 115 млн теңге үнемделді. Ал арнайы мониторингтік топ карантин уақытында дәріханалардағы бағаларды тексеріп, сырттан келген гуманитарлық көмектердің дұрыс бөлініп, таратылуын бақылады.

Осы күнге дейін 114 түрлі коррупциялық тәуекелдер тіркелді. Бұлар негізінен экология, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастарына жауапты мекемелер.

Соңғы 6 айда жемқорлық фактісі туралы хабарлаған 7 облыс тұрғыны сыйақыға ие болғаны айтылды. Оларға жарты миллион теңге төленді.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...