ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

19:50, 11 қыркүйек 2017

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да, еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылықтарының бірі аталмыш зұлымдықпен күресуге бағытталған. Осыған орай, «Қостанай облыстық Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің» ұйымдастыруымен әдеп жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті. Онда, бірқатар шешім қабылдалып, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты міндеттер жүктелді.

Күн тәртібінде тұрған мәселе – парақорлықпен күрес. Кезекті жиында облысымыздың мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты бірнеше тәртіптік іс қаралып,  сыбайлас жемқорлықпен күрестің жұмыс нәтижелеріне қатысты баяндамалар да тыңдалды. Заң бойынша жақын туыстық қатынастағы тұлғалар бір мемлекеттік мекемеде жұмыс істей алмайды.  Ондай адамдарда бағынушылық болмайды дейді кеңес мүшелері. Аталмыш мәселе  денсаулық сақтау саласында орын алған.

Ағымдағы жыл басталғалы денсаулық сақтау басқармасына тұрғындардан 393 хат келіп түскен. Оның дені тегін медициналық көмек көрсету, міндетті медициналық сақтандыру және тіркеу мәселелері бойынша. Әрине қажетті шаралар да қолға алынған. Мәселен, ағымдағы жылы 8 ай ішінде өтінім білдірушілерге 74 285 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Жемқорлықпен күрес мақсатында жұмыс жүргізілуде, алайда «Мемлекеттік сатып алу туралы заңның сақталмауы» салдарынан бірқатар тәртіп бұзушылық кездеседі. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы осылай дейді.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша туыстық қарым-қатынастардағы тұлғаларға бір мекемеде жұмыс істеу заңға қайшы болатындығы ескертілді. Оған қоса,  мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындары бойынша ақпаратты БАҚ жиі жариялау ұсынысы айтылды.

Тақырып бойынша материалдар

Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
18:31, 20 қыркүйек 2017
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
Толығырақ...
Әскер – әліміз, армия – абыройымыз!
17:58, 20 қыркүйек 2017
Әскер – әліміз, армия – абыройымыз!
Толығырақ...
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
18:00, 19 қыркүйек 2017
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі  (толық нұсқа)
18:06, 18 қыркүйек 2017
Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі (толық нұсқа)
Толығырақ...
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы» конференциясы
15:27, 15 қыркүйек 2017
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы» конференциясы
Толығырақ...