ШҰҒЫЛ! ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨЛЕМІ ӨСТІ Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

13:05, 11 қазан 2018

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күрес облысымызда да жандана түсті. Тобыл топырағында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының облыстық слеті өтті. Оған облысымыздан келген 400-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Басқосудағы басты мақсат – өсіп келе жатқан өрендердің бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Толығырақ тілші материалында.

Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ-Мәңгілік Елдің кепілі. Бүгінгі еріктілердің ұраны осындай. Маңызды құжатта елбасы жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырған болатын. Мемлекет іргесінің берік, болашақтың бекем болуы – жастардың қолында. Еріктілер басқосуы осымен биылдыққа үшінші рет өткізіліп отыр. Мінберден сөз алғандар жас буынды сыбайластықтан аулақ болуға үндеді.

Бүгінгі таңда облысымыздың мектептерінде жемқорлыққа төзбеушілікті және адами құндылықтарды насихаттайтын жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Соның негізінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін «Жемқорлықтан аулақ» ерікті жастар клубтары құрылған. Оның 300 мыңан астам мүшелері бар. Шара барысында мектеп оқушылары арасында флешмоб пен шеру өткізілді. Сонымен қатар, жас суретшілер жемқорлық тақырыбы аясында сурет салудан сынға түсті.

Жастар бұл шараға зор дайындықпен келгенін аңғартты. Слет барысында көзге түскен топтар мен үздік шыққан оқушылар түрлі сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

112 ЕСКЕРТЕДІ! ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ҰМЫТПАҢЫЗДАР!
18:19, 16 қаңтар 2019
112 ЕСКЕРТЕДІ! ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ҰМЫТПАҢЫЗДАР!
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ ОРТАЛЫҚТАРЫ
18:17, 16 қаңтар 2019
ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КЕЗЕКТІ АКЦИЯ ӨТТІ
18:15, 16 қаңтар 2019
ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КЕЗЕКТІ АКЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
13:05, 14 қаңтар 2019
«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Толығырақ...