ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ЕЛОРДА МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАУҒА ДАЙЫН Толығырақ

Жемқорлыққа жол бермеу - жалпыға ортақ жұмыс!

16:45, 17 шілде 2017

Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту - Елбасының «100 нақты қадамында» және биылғы Жолдауында жүктелген маңызды міндеттердің бірі. Аталмыш заңбұзушылықтарға қызметтік лауазымын асыра пайдалану, мемлекет мүлкіне қол сұғу және пара алу әрекеттері кіреді. Оларға қарсы мәдениет құру жолдары медицина саласында да кеңінен насихатталуда. Осыған орай, облыс көлемінде «Азаматтық бақылау» атты ауқымды жоба іске асып келеді.

Жемқорлық – өркениеттің өзегіне түскен жегі құрт. Қазіргі күні бұл қоғамдық кесел кез келген салада  кездеседі, өкініштісі. Ілгерілеуді іркілтетін ішкі індет фактілері денсаулық сақтау саласында да жиі тіркеліп жүр. Онымен күресу – тек медицина мамандарына ғана емес, жалпымызға, қоғамға ортақ іс, - дейді облыстағы белді үкіметтік емес ұйым төрайымы.

Көбінесе, денсаулық сақтау жүйесіндегі заңсыз әрекеттер  мемлекеттік сатып алулар мен қазына қаражатын игеру кезінде жиі тіркелетін көрінеді. Осы реттегі олқылықтардың орнын толтыру үшін жүйелі жұмыс істеу керек деген кеңес берді мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері.  

Отырыста ортаға салынған орамды ойлар Таран аудандық ауруханасында тіркелген мемлекеттік сатып алулардың салдарынан туындады. Жиын бастамашыларының баяндауына сүйенсек, жемқорлыққа қарсы мониторингтер әр тоқсан сайын барлық аудандарда жүргізіліп  келеді. Сондықтан, қай салада заңсыз әрекет тіркелсе, жауапты мамандар заңмен жазаланады дейді дөңгелек үстел қатысушылары.

Тақырып бойынша материалдар

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ 3 БАСҚАРМАМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАСТЫ
20:44, 15 маусым 2018
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ 3 БАСҚАРМАМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАСТЫ
Толығырақ...
ШЕКАРАЛАС АУМАҚТАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ
20:30, 15 маусым 2018
ШЕКАРАЛАС АУМАҚТАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТЖД ТЕКСЕРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯ ЕТТІ
18:15, 15 маусым 2018
ТЖД ТЕКСЕРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯ ЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ
20:39, 13 маусым 2018
БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ
Толығырақ...
«MEN QAZAQPYN». ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
19:18, 13 маусым 2018
«MEN QAZAQPYN». ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...