ШҰҒЫЛ! «QAZSPORT» телеарнасы қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың кәсіпқой бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді Толығырақ

Жемқорлық фактілері азайған

15:35, 15 қыркүйек 2017

Жемқорлықты жүгендеуге қатысты жүргізіліп жатқан шаралар оң нәтиже бере бастады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті өткізген жиында, коррупциялық фактілердің төмендегені мәлім етілді. Түрлі салалар бойынша жасалған сараптамалар қорытындысы бойынша, оңай олжаға кенелгісі келетіндер қатарында құқық қорғаушылар бірінші тұр. Жиында айтылғандай, жыл басынан бері пара алған 19 тәртіп сақшысы жауапқа тартылған.

Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты бағыттардың  бірі – жемқорлықпен күрес. Кезекті мәрте ұйымдастырылған жиынға  мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар мен ішкі істер департаментінің қызметкерлері қатысты. Парақорлықпен күрес – ішкі тұрақтылықты сақтаудың басты құралы, дейді шараға қатысушылар.

Өз лауазымын асыра пайдаланып, пара алу мәселелері жол көлік оқиғаларында жиі кездеседі. Бұны тұрғындар да растайды. Ағымдағы жылы  жемқорлық мәселесіне қатысты 19  қылмыстық іс қозғалды.  Оның 15-і сотта қаралып, 8 азамат бас бостандығынан айырылды. Мәселенің алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Жергілікті тұрғындардың 36 пайызы жемқорлық фактісінің өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендегенін айтуда. Қоғам дертінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған осындай кездесулер оң нәтиже беруі тиіс.  Заң алдындағы жауапкершілікті  түсіне отырып шешім қабылданса, пара алу мәселесінің түйіні тарқайтыны анық,- дейді конференцияға қатысушылар.

Тақырып бойынша материалдар

Архив құжаттары сандық жүйеге көшірілуде
20:32, 19 қазан 2017
Архив құжаттары сандық жүйеге көшірілуде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

В список проекта «Сакральная география Казахстана» будут включены 10 объектов из Костанайской области
13:31, 18 қазан 2017
В список проекта «Сакральная география Казахстана» будут вкл...
Толығырақ...