ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ЖЕКЕ СЕКТОРЛАРДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ - ЖІТІ НАЗАРДА

13:20, 11 ақпан 2019

Үкімет басшысы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін арттыруға қатысты тапсырма берген болатын. Осыған орай, өңірдегі ведомство қызметкерлері үй үйді аралап, рейд жүргізді. Құтқарушылардың мәліметінше биыл облыс орталығында 20 нысан қызыл жалынға оранған екен. Соның салдарынан 3 адам көз жұмған. Бақытсыз жағдайлардың орын алуына пештердің мұржасын тазартпау, электр құрылғыларындағы ақауды дер кезінде жөндетпеу, жалпы сақтық шараларына немқұрайлық таныту себеп болып жатады.

Қостанай қаласының 2- ші ықшам ауданындағы жеке тұрғын үй секторы. Өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндіруге бағытталған кезекті рейд шарасы осы мекен - жайда жалғасын тапты. Бұл баспанада көп балалы отбасы тұрады. Сала мамандары пештердің мұржасын тексерді. Электр сымдарын жөндету жөнінде тапсырма берді. Өрт қауіпсіздігіне бірінші кезекте баспана қожайындарының өздері  жауапты. Сол себепті  отқа абай болып,немқұрайлық танытпауды ескертті.

Өрт сөндірушілер жүргізген рейдтің көздегені де сол - тұрғындарды қауіпсіздік ережелері туралы құлағдар ету. Тілсіз жаудың алдын-алу. Әсіресе, жеке меншік секторда тұратындар үшін мұндай шаралар маңызды. Себебі, былтыр  қала бойынша орын алған тілсіз жау фактілерінің дені   жер үйлерде болған. Биыл жеке секторда 20  өрт тіркелсе, соның салдарынан  3  адам қаза тапты. 

Саяжайларда да  өрт қауіпсіздігін бұзуға қатысты олқылықтар көп.   Бағбаншылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаймайды. Оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында ТЖД қызметкерлері рейд шараларын осы аумақта да   жүргізді.

Тұрғын үй секторындағы өрттерді болдырмау бойынша белгіленген тапсырмаға  сәйкес 2 күн ішінде төтенше жағдайар қызметкерлері, 3 мыңдай үй тексерді. Өрт қауіпсіздігі саласында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Тақырып бойынша материалдар

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
16:18, 23 наурыз 2019
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
АБАЙ ДАҢҒЫЛЫН ҚАЙТА АТАУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН АЛЫНДЫ
18:21, 21 наурыз 2019
АБАЙ ДАҢҒЫЛЫН ҚАЙТА АТАУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН АЛЫНДЫ
Толығырақ...
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
18:08, 20 наурыз 2019
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар