ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

20:35, 10 қазан 2018

Қазақстан түрмелерінде отырған жазасын өтеушілердің 80 пайызы еңбекке қабілетті, жас шамалары 40-тан аспайтын азаматтар. Егер олар тұрақты жұмыспен қамтыласа, еліміздің ішкі жалпы өнімі өсіп, еңбек өнімділігі едәуір еселенер еді. Қостанайдағы УК 161/2 түзету мекемесінде осындай мүмкіндікке жол ашылды. Бұнда темір бетон бұйымдарын жасайтын жаңа цех іске қосылды.

УК 161/2 жазасын өтеу мекемесінде бүгінде 761 адам бар. Оның 400-ден астамы еңбекпен қамтылған. Мұнда 14 кәсіпорын жұмыс істейді. Жаңадан ашылған темір бетон өнімдері кәсіпорны қосымша тағы 20 жұмыс орнын ашты. Тапсырыстар да жетеді. Келесі жылдың көктеміне дейін. Облыс әкімінің орынбасары түзеу орындарындағы шығарылған өнімді, ұтымды пайдалануға болатындығын айтты.

Бұл кәсіпорын Қазақстан бойынша темір бетон өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыруға қауқарлы. Мұндағы жұмыс істеушілерге ай сайын 28 мың теңге шоттарына аударылады. Марат Жүндібаев, сотталған азаматтарға білім беру үрдісімен де танысты. Дуалды оқыту жүйесінде жазасын өтеушілер 5 мамандық бойынша білім ала алады. Ол газ – электр дәнекерлеруші, тігінші, құрылысшы, жиғазшы бағыттары бойынша.  10 айдын көлемінде білім алып, кейін арнайы сертификат тапсырылады. Биылдың өзінде,  мемлекет 100ден астам сотталған азаматқа білім алу мүмкіндігін беріп отыр. 

Облыс әкімінің орынбасары  УК 161/2 мекемесіндегі кәсіпорында шығарылған өнімдермен де танысты. Тауарлар қала дүкендері мен өзге өңірлерге жөнелтіліп жүр. Киім, ағаштан жасалған бұйымдар, көшелерге төсейтін қырлы тастар бүгінде үлкен сұранысқа ие. 

Марат Жүндібаев, мұндай тәжірибені өзге де түзеу орындарына енгізуді тапсырды.  Темір тордың ар жағындағы азаматтарды жұмыспен қамту бұрындары қиын болатын дейді прокурорлар. Ал қазір ілгерілеу бар екен. Тек қол ұшын беретін кәсіпкерлер болса болғаны. Түрменің ішінде ісін дөңгелетуге қорықпау керек дейді облыс басшысының орынбасары.

Абақтыда отырып, еңбек етіп жүрген азаматтардың барлық құқықтары қорғалған. Оларға жалақы төленеді. Зейнетақы қорына ақшалары аударылады. Ал өндірістік жарақат ала қалған жағдайда да көмек көрсетіледі.

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ҚОЛДАНУШЫЛАР САНЫ АРТА ТҮСКЕН
20:39, 18 қазан 2018
ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ҚОЛДАНУШЫЛАР САНЫ АРТА ТҮСКЕН
Толығырақ...
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ДАМУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
20:33, 18 қазан 2018
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ДАМУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
«ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
20:37, 15 қазан 2018
«ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...