ШҰҒЫЛ! Ауданның аты өзгереді Толығырақ

«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

13:05, 14 қаңтар 2019

Биыл елімізде жастарға басымдылық беріледі. Елбасы халыққа арнаған Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.Осыған байланысты республика оның ішінде Қостанай облысы көлемінде ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу жұмыстары басталып кетті. Жастардың білім алуына, жұмысқа орналасуына, баспаналы болуына қандай жағдай жасалмақ? Осы және өзге де сұрақтар облыстық жастар саясатының ұйымдастыруымен өткен екі күндік семинарда талқыланды.

Жастар еліміздің болашағы. Елбасымыз да ел ертеңі саналатын жас ұрпаққа үлкен сенім артылатынын, олардың еңбекқор, өз жұмысына тиянақты болу керек екенін айтты. Жастарды ізденімпаз болуға шақырды. Осыны мақсат тұтқан семинарға облыстың барлық ауданынан «жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері қатысуда.

Биыл жастарға артылған сенім мен мүмкіндік ұшан-теңіз. Мұндағы жауапкершілік, алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін олар барлығына да дайын болу керек. «Ол үшін тың жобалар, креативті идеялар, қызықты шаралар бастама ретінде жастардан шығуы керек», - дейді  жастар саясаты басқармасының бас маманы Марат Жолдыбаев.

Сондай-ақ семинарда көтерліген тақырыптар жастар арасында суицид оқиғалары мен жас қыздардың ерте жүкті болып қалуы секілді тақырыптар да көтерілді. Жоғарыда аталған мәселелрді болдырмау үшін өңір жастарының құқықтық және діни сауаттылығын артырып, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын қамтамасыз ету – ортақ игілік болмақ.  

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:30, 17 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР СЛЕТІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:21, 17 маусым 2019
ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР СЛЕТІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...