ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖАСТАР ЖЫЛЫ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР КЕЗЕҢІ

20:38, 4 қараша 2019

Амангелді ауданында жастар форумы өтті. Форумның мақсаты – әр саладағы жас буын өкілдерінің қоғамдағы рөлін, белсенділігін арттыру. Сондай-ақ, жастардың тың идеялары арқылы аудан аумағында ауқымды істерді жүзеге асыру.

Аудандық деңгейдегі жастар форумы «Ойлан. Ұсын. Жүзеге асыр!» деген атауға ие екі бөлімнен тұратын бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Ауқымы кең іс-шараға ауданның белсенді жастары мен Арқалық, Қостанай қалаларының кіші буын өкілдері қатысты. Форумның ашылу салтанатында облыстық жастар ісі мәселелері жөніндегі басқарма басшысы сөз сөйледі.

Жастар - еліміздің болашағы. Елбасы да елдің ертеңі саналатын жас ұрпаққа үлкен сенім артылатынын айтты. Жастарды ізденімпаз болуға шақырды. Оны аудан жастары да жақсы түсінеді. Сөздеріне сүйенсек, биыл жастарға кез келген бағытта үлкен қолдау көрсетіліп отыр.

Биыл жастарға артылған сенім мен мүмкіндік ұшан-теңіз. Ол үшін жауапкершілік, алға қойған мақсатқа қол жеткізу тәрізді қажетті қасиеттер жастардың бойынан табыла білуі тиіс. Яғни, тың жобалар мен креативті идеялар, қызықты шаралар жастар тарапынан іс жүзінде орындалуы керек. Соның ішінде ауылдық жерде кадр тапышылығын болдырмау да жастарға тікелей қатысты дейді аудан әкімі.

Аудандық деңгейде өткен форумда жастар жауапты сала мамандарына өз ойларын айтып, тиісті жауап алды. Батпаққара жерінде көрініс тапқан басқосуда тағы қандай тың ұсыныстары айтылып, болашақта қандай игі жобалардың жүзеге асатынын келесі аптада «Акцент» бағдарламасынан толық біле аласыздар.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕР КӨБЕЙГЕН
20:30, 4 маусым 2020
ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:19, 1 маусым 2020
БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...