ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ – ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

20:34, 25 ақпан 2020

Қай қоғамда болса да, жастар тәрбиесі - өз өзектілігін жоймайтын маңызы зор мәселе. Сондықтан, еліміздің ертеңі саналатын кіші буын өкілдеріне дұрыс бағыт-бағдар нұсқап, олардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ету - аға буын міндеті. Осыған орай, Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітінің имамдары мектеп оқушыларын жинап, қоғамдағы жастар тәрбиесіне қатысты әңгімелер айтып, кіші буын өкілдерінің көкейіне ой салды.

Тәрбие, білім, жастар. Қостанай ауданының қос мектебінің оқушыларына арналған басқосу тақырыбының осылай аталуы тегін емес. Себебі,  Әл-Фараби айтқандай: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім - адамзаттың қас жауы. Екінші, білім керек, өйткені, олсыз жастардан жасампаздық күту қиын.  

Бала тәрбиесіне қатысты дүниелер аға буын тарапынан аз айтылмайды. Алайда, ол құр жиналыстар шеңберінде аса көп нәтиже бермейді. Сондықтан, жастар замандастарына қарап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп іштей ой қорытуы керек - дейді жиналыста сөз алған жастармен жұмыс істейтін орталық өкілі.

Тәрбие - тал бесіктен деген халық даналығы тек ата-аналарға қатысты айтылмаған. Перзенттің парасатты болуына әке-шешесінен кейін мұғалімдер, дін, діл жанашырлары да сүбелі септігін тигізуді көздейді. Жалпы, жан баласы тәрбиені тал бесіктен - жерге бесікке жеткенше үйренетіні жасырын емес.

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МАСКА ТАРАТЫЛДЫ
20:38, 27 наурыз 2020
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МАСКА ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар