ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«ЖАС-ҰЛАН» ӘСКЕРИ–ПАТРИОТТЫҚ ШАРАСЫ

20:14, 12 наурыз 2020

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде де мерекелік іс – шара көрініс тапты. Мұнда студенттер әскери дайындық бойынша шеберліктерін паш етсе, ал арнайы шақыртылған тыл еңбеккерлері сұрапыл жылдар жайлы естеліктерімен бөлісті.

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде өткен «Жас-ұлан» әскери – патриоттық шарасы Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған. Елжандылық  сезімі басым жасөсіпірмдер мерейлі мейрамды айрықша атап өту үшін аянып қалмақ емес. Барынша үлестерін қосуда.  Биылғы жарыстың ерекшелігі  - оған тек колледж студенттері ғана емес, Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын орта мектебінің оқушылары да қатысты.

Жарысқа қатысушылар сапқа тұру,  гір көтеру, одан әрі қару-жарақты дұрыс құрап, қолдану бойынша бақтарын сынады. Аталмыш шара жастарды ең бірінші батылдыққа, патриоттық сезімге тәрбиелейді. Қостанай әулемуеттік- техникалық колледжінің студенттері отансүйгіштік сезімі  бар батыр  жігіттерге кенде емес. Оған бүгінгі шарада жасөспірімдердің  көрсеткен өнері дәлел. 

Тыл еңбеккерлері, ауған соғысының ардагерлері мен қорғаныс істерінің қызметкерлері  іс-шараның мәртебелі мемандары. Ел азаматтарына әскери-патриоттық тәрие беруде олар сүбелі үлестерін қосып келеді. Жасы 80  асса да   соғыс жаңғырығы әлі күнге тыл ардагері Әмірғали  Бимағанбеттің    жадында.

Сол себепті, батырды барында бағалап, жастарға насихаттаудың тәрбиелік мәні зор, -дейді ұйымдастырушылар. Жалпы, Қостанай әлеуметтік–техникалық колледжінде  патриоттық шаралар жиі өткізіледі.  Жеңіс мерекесінің 75 жылдығына  арналған іс-шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...