ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

«Жас Отан» жастар қанаты – жалынды жастар мекені

20:34, 10 қазан 2017

Жастар – қоғамның қозғаушы күші! Еліміздің ертеңі! Кемел келешек кілтіне қол жеткізуге олардың қосар үлесі қомақты. Қалаған мамандықтарының білгірі атанып, мемлекет болашағына өз пайтасын тигізіп жүрген төменгі толқын өкілдеріне қандай айдар тақса да жарасады. «Нұр Отан» партиясы мен оның төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Оған «Жас Отан» жастар қанатының қызметі дәлел. Бұл ұйым - жастардың жобаларын іске асырудың алаңы. Осыған орай, облыс орталығында өңір өрендерінің басын қосқан, Президент саясатын іске асыруға негізделген конференция өрбіді.

Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының залы адамға лық толы. Бұл жолы көрермендер емес, тыңдаушылар төбе көрсетті. Басым бөлігі – жастар. Себебі, жиынға желеу болған төменгі толқын өкілдерінің қоғамдағы рөлі мен мемлекет мүддесі үшін жасап жатқан қызметі таразыланды. «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен мәні зор мәжілісте алғашқы болып аймақ әкімінің орынбасары сөз алды. Рухани жаңғыруымызға жастардың қосып жатқан үлестерін айтып өтті. Аймақта атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. 

Қазіргі таңда Қостанай облысындағы жастардың саны 210 мың адамды құрайды. Бұл аймақ тұрғындарының жалпы көрсеткішінің 23 процентіне тең. Өндірістік салада 80 мың жас маман жұмыс істесе, ауылшаруашылығымен айналысатындар саны 50 мыңнан асады. 5 мың азамат мемлекеттік қызметке орналасса, жастардың 30 мыңы қоғамдық ұйымдарға мүше боп қабылданған. Бүгінде облыс аумағындағы кәсіпорындарда 13 жастар комитеті жұмыс істейді

Олар – ұлы даланың ұландары, алаштың асқақ абыройы, қазақ елінің өр намысын жыртқан жалынды жастар, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткен саңлақтар. Түрлі тартыстарда топ жарып, жеңіс тұғырынан түспеген таланттар. Ақын тілімен айтқанда,

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» ел жастарға сенеді.

Тақырып бойынша материалдар

«100 нақты қадам» сот жүйесін жетілдіре түсті
18:36, 13 желтоқсан 2017
«100 нақты қадам» сот жүйесін жетілдіре түсті
Толығырақ...
Үздік әскери қызметкерлер кеші өтті
18:00, 13 желтоқсан 2017
Үздік әскери қызметкерлер кеші өтті
Толығырақ...
Қызметтік көлікті мақсатсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды
17:57, 13 желтоқсан 2017
Қызметтік көлікті мақсатсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
20:30, 8 желтоқсан 2017
2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
Толығырақ...
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
20:34, 8 желтоқсан 2017
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
Толығырақ...
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
18:00, 8 желтоқсан 2017
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
Толығырақ...