ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ АРТПАҚ

20:31, 2 наурыз 2020

Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнес үлесін 28 пайызға өсіру - Президенттің тікелей тапсырмасы. Осы мақсатта өңірде кешенді жұмыстар атқарылуда. Нәтиже де жоқ емес. Шағын және орта бизнес секторы бойынша көрсеткіштер көңілге қонымды. Облыста 52 жарым мыңға жуық кәсіпкерлік нысан тіркелген. Кәсіп ашуға ниет еткен азаматтарға кепілдік және пайыздық үстемақыны субсидиялау бойынша тиімді несиелендіру механизмдері ұсынылған. Былтыр 1300 жобаға қолдау көрсетілді.

Өңірде кәсіпкерлік саланың әлеуеті едәуір жақсарған. Бұған мемлекеттік бағдарламалар оң әсет етуде.  «Бизнестің жол картасына»  былтыр 2 млрд теңгеден артық қаражат  бөлінді. Істің көзін тапқан   300- ге жуық азаматтың бизнес жоспары  қаржыландырылды. 4 жарым мыңдай  жаңа жұмыс орны құрылды. Өңдеу өнеркәсіп секторында өнім көлемі артып, салық түсімі молайды.

Іскер азаматтар  мемлекет жасаған жәрдемді сезініп, кәсібін дөңгелетуде. Сондайй жандардың бірі - Қостанай ауданының  тұрғыны  Ләззат Ахмади. Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен өзін ғана емес,  өзгені де еңбекпен қамтып отыр. Мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйрететін оралық  ашу - оның  арманы  болатын.  Іскер жан гранттық қаржыландыру    арқылы осы мақсатын іске асырды. 

Былтыр Тобыл қаласында  50 шақты жас кәсіпкерге 250 миллион теңгедей шағын несие берілген болатын. «Бизнестің жол картасы»  бағдарламасын  іске асыруға биыл 3,6 млрд теңге қарастырылды.  Шамамен 400 жуық жоба қаржылай  қолдау  табады деп жоспарланған.  «Қарапайым экономикалық заттар»  бағдарламасын тиімді іске асыруда нақты жоспар бекітілген.

Облыс бүгінгі күні елу екі жарым мыңдай  кәсіпкерлік нысан  тіркелген. Бұл көрсеткіш 2018 жылғы деңгемен салыстырғанда 3 пайызға көп. Былтыр қаржылай қолдау шараларымен 1300 жоба қамтылды. Бизнес бастамалар   көлік тасымалы, қоғамдық тамақтандыру, ауыл ашурашылығы салаларын қамтиды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...