ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЖАНЫП ЖАТҚАН ҮЙДЕН ӘЙЕЛДІ ҚҰТҚАРДЫ

20:30, 26 маусым 2020

Қостанай облысында өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден әйелді құтқарып қалды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Лисаков қаласының №1 шағын ауданындағы көпқабатты үйде болған. Оқиға орнына арнайы техника мен 6 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Өрт туралы хабар сағат 23:39-да түсті. Газ-түтіннен қорғау қызметі жеткенде үйдің үшінші қабатындағы пәтерден түтін шығып жатқан. Құтқарушылар өрт шыққан пәтердің есігін аша алмай, бұзып кіруге шешім қабылдады. Пәтерге кіргенде еденде жатқан әйелді байқаған. Оны арнайы баспалдақ арқылы төменге түсіріп, дәрігерлерге тапсырды, - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Алдын ала болжам бойынша, үй иесі отты абайсыз қолданған. Нақты себептері мен шығындар анықталуда.

Сол сияқты Қостанай ауданында да өрт болып, 1954 жылы туған әйел көз жұмды. Қайғылы оқиға Самир ауылындағы жекеменшік үйлердің бірінде орын алған. Қызыл жалын 65 шаршы метрді шарпыды. Өрт сөндірушілер жанып кеткен үйден әйелдің денесін алып шықты, делінген хабарламада. Өртті ауыздықтауға 2 арнайы техника мен 7 құтқарушы жұмылдырылды.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар