ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

ЖАҢА ҮЙІРМЕЛЕР АШЫЛАДЫ

20:30, 21 қыркүйек 2020

Енді ғаламның кеңістігі мен жер шарының экологиясын 3 тілде зерттеуге мүмкіндік бар. 1 қазаннан бастап балалар шығармашылығы мектебінде тағы екі жаңа үйірме өз жұмысын бастайды. Жеткіншектер үшін барлық сабақтар тегін ұйымдастырылады.

Биылғы жылы карантинге және қашықтықтан оқытуға қарамастан, балалар шығармашылық мектебі жұмыс қарқынын жоғалтқан жоқ. Бірқатар шектеулердің алынуына байланысты жаңа үйірмелер ашылуда. 1200 бала өз таланттары мен қабілеттерін шыңдап жатыр. 6-мен 18 жас аралығындағы оқушылар үйірменің 24 түрімен айналысады.

Экологиялық бағытта жүргізілетін үйірме аясындар қоқыстарды  өңдеу мен сұрыптауға ерекше назар аудара отырып, жергілікті флора мен фаунаны зерттеуге бағытталған. Оқушылар жаңа үйірменің арқасында қоршаған ортаға мұқият болады, - дейді мамандар. Сабақтар бірден үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтетін болады.

Екінші үйірме де  қызықты әрі мазмұнды болады, дейді ұстаздар. Мұнда балалар ғарышты, жұлдыздарды, Күн жүйесін және Жер планетасын зерттейтін болады. Ал болашақта жас астрономдар түрлі жұмыстарға қатыса алады. Айта кету керек, барлық сабақтар тегін өткізілетін болады.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:45, 28 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...