ШҰҒЫЛ! Ауданның аты өзгереді Толығырақ

ЖАҢА ҚҰРАМДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

13:25, 12 ақпан 2019

Қоғамдық кеңестердің қызметін нығайтып, олардың жұмысын жетілдіре түсу керек. Қостанайда өткен жиында осы мәселе талқыға салынды. Айта кетейік, Қоғамдық кеңестердің басты міндеті - үкімет пен жұртшылық арасында диалог орнату. Бұл ұйымдар билік қабылдаған шешімдердің жариялы болуын бақылауға өзінің зор үлесін қосып отыр.

Елімізде қоғамдық кеңестер 2016-шы жылдың басында құрылған болатын. Ол Ұлт Жоспарындағы 99-шы қадам негізінде іске асты. Қазір республикадағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер саны 229. Оларға 4055 адам мүшелік етеді. Соның ішіндегі 800-ден астамы - үкіметтік емес ұйым өкілдері.

Үш жыл аралығында, яғни, құрылған сәттен бастап қоғамдық кеңес өзін тек жақсы жағынан көрсетуде. Өмірдегі маңызды мәселелер мен азаматтардың ой-пікірлері беделді институт назарынан тыс қалмайды. Ол түрлі түйткілдер талқыланар ашық диалог алаңына айналды.

Қоғамдық кеңес сүзгісінен өтетін мәселелер мемлекет өмірінде өте маңызды рөлге ие. Олар - білім беру саласын реформалау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыра түсу тәрізді қоғамда қызу талқыланатын тақырыптар.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:30, 17 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР СЛЕТІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:21, 17 маусым 2019
ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР СЛЕТІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...