ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ЖАҢА ҚАУЛЫ: ҚОСТАНАЙ МЕН РУДНЫЙҒА КІРІП-ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

20:37, 17 қараша 2020

Сол сияқты бүгіннен бастап бір аптаға Қостанай және Рудный қалаларына кіріп-шығуға тыйым салынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері мәлім етті. Қаулыға енгізілген өзгерістер жайлы келесі бейнематериалда.

Қостанай облысында карантин талабын күшейтуге өңірдегі эпидемиологиялық жағдай түрткі болды,- дейді облыстың бас санитар дәрігері. Сол себепті бүгіннен бастап облыс орталығындағы жабық спорт нысандарының жұмысына шектеу қойылды. Ал қоғамдық тамақтану орындарында бір үстел басында 4 адамнан артық отыруға болмайды.Алайда талап қанша күшейгенімен әлі де болса сақтыққа салғырт қарайтындар көп. Оған облыс орталығында күнделікті ұйымдастырылып жатқан рейд шаралары дәлел.

Сондай-ақ, Қостанай және Рудный қалаларына кіре берісте санитарлық бекеттер орнатылған. Бұл жерлерде тәулік бойы жедел жәрдем қызметі, жол патрульдік полиция және әскерилер кезекшілік етеді. Жоғарыда аталған екі шаһарға кіріп-шығуға шектеу қойылды. Алайда, облыс тұрғындарының жекелеген санаттарына бір ауданнан немесе қаладан екінші ауданға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат етіледі.Ол үшін арнайы рұқсат қағаздары болуы керек.
 

Айта кету керек, мұндай сақтық шаралары облыста коронавирустын таралуын тоқтату үшін қолға алынып отыр. Өйткені инфекция жұқтырғандардың саны Қостанай өңірінде 4371-ге жетті.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
20:13, 26 қараша 2020
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚ...
Толығырақ...
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
20:06, 26 қараша 2020
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
20:04, 26 қараша 2020
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...