ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ТӨМЕНДЕГЕН

20:03, 6 наурыз 2020

Еңбек адамдарының еңбекақысын қайтару облыста өзекті мәселенің біріне айналған. Осы ретте жалақы төлеуден жалтарып жүрген кәсіпкерлермен күрес күшейе түскен. Сала мамандарының мәліметінше, оның нәтижесі де бар. Былтыр еңбеккерлерге 70 млн теңге көлемінде жалақы қарызы қайтарылды. Сондай- ақ, өндіріс орындарында жұмысшылардың жазатайым жағдайға ұшырауы да азайған. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың қатысымен өткен аппарат жиналысында осы мәселе талқыға түсті.

Былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары Қостанай облысында 624  мекемені тексеріпті. Нәтижесінде, 1300-ге  жуық заңбұзушылық тіркелген. Оның басым көпшілігі еңбек қатынастары мен  еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына қатысты.  Жұмыс берушілерге  27 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.  Жұмысшылардың жалақысын төлемеу мәселесі де басқарманың ұдайы бақылауында.

Бүгінгі күні банкрот болған 2 кәсіпорын жұмысшылар алдында 16,0 млн теңге көлемінде жалақы қарызын өтемеген. Ол Әулиекөл ауданындағы «Болашак А» серіктестігі мен Қостанай қаласындағы «Ұлан» компаниясы. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев жұмысшылардың құқы мен мүддесін қорғауда үш жақты еңбек - келісімшарттарын құрудың маңыздылығын атап өтті. 

Көрсеткіштердің  өзі көрсетіп отырғандай,  кәсіпорын басшылары мен қарапайым жұмысшылардың дені еңбек қаупісіздігі мәселесіне атүсті қарайды. Ал, мұның соңы орны толмас өкінішке әкеп соқтыратыны белгілі.  Былтыр  өндіріс орынында  97 бақытыз жағдай тіркеліп, 13 адам мерт болды. Бұл  алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 13 % аз. Жалпы, былтыр  облысымыздағы Еңбек Инпсекциясына еңбеккерлерден бір жарым мыңнан астам арыз- шағым түсті.  Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев еңбек ережелерінің сақталуы мен   жұмысшылар құқығының қорғалуы жіті бақылауда болуы керектігін жеткізді.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...