ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

# ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ. АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАР АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТЫЛДЫ

20:30, 27 шілде 2020

Пандемия кезінде тұрмысы төмен отбасыларға жанашырлық таныту – біздің міндетіміз. Қостанайлық кәсіпкерлердің пікірі бұл. Жергілікті іскер азаматтар қайырымдылық науқаны аясында аз қамтылған ондаған отбасыға азық – түлік пакеттерін үлестірді.

«Жақсылық жаршысы» бастамасына  жергілікті кәсіпкерлер  барынша қолдау білдіріп жатыр. Пандемия кезінде мұқтаж жандарға көмек көрсетуді көздеген қайырымдылық акциясы  әуелі Нұр-Сұлтан қаласынан   бастау алды.  Бастамашысы-  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен  «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі .

Осылайша, игі науқан барысында 200-ге жуық  азық-түлік пакеттері әзірленді.  Әлеуметтік маңызы бар бірінші қажеттіліктегі өнімдерді жүк көліктеріне тиеу,  оны тұрмысы төмен отбасыларға тарату жөнінен  ерікті жастар өз көмектерін ұсынды. Сондай-ақ, волонтерлер қауіпті індеттен сақтану шаралары  туралы ақпарат беріп, арнайы насихаттық парақшаларын да ұсынды.  

Кәсіпкерлер қолдан келген көмекті аямады. Бірі ақшалай жәрдем ұсынса,  енді басқалары көлік тасымалы қызметімен қамтуға тырысты.

Атамекен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қайырымдылық шара  алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп отыр.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...