ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілді

13:03, 7 желтоқсан 2017

Қазақстанның зейнетақы жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілді. Осы уақытқа дейін зейнетақы қорындағы ақшаны жылына бір рет немесе үш айда бір рет алуға мүмкіндік болатын. Ал енді, 2018 жылдан бастап, әрбір азамат зейнетақы шотында сақталған қаражатты тек қана ай сайын алатын болады. Демек, базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді. Жалпы, Қостанай облысында бүгінгі күні 533 418 зейнетақы шоттары ашылып, жинақ көлемінің жалпы соммасы 337 млрд. теңгені құрап отыр.

Зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтардың көбісі зейнетақы қорындағы қаражатын мүмкіндігінше қысқа мерзімде алуға асығады. Оны жылына бір рет немесе үш ай сайын  алатын. Ал, 2018 жылы төлемдер жүйесі өзгереді. Зейнеткерлер шотындағы қаражатты тек ай сайын ғана алатын болады. Азаматтардың зейнетақы қорындағы төлемдерін алып үлгеруге мүмкіндік болу үшін, қордың қызметкерлері желтоқсан айының 30 мен 31 күндері жұмыс істейтін болады.

Ортақ зейнетақыға қатысты айтар болсақ, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе өтілі алты айдан төмен болған азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Яғни, 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша зейнетақы төленбейді.

Осы күнге дейін ең көп талқыланған мәселе әйелдердің зейнеткерлік жасына байланысты.  Алдағы жылдың 1 қаңтардан бастап, олар ресми түрде 58, 5 жасқа дейін жұмыс істеуі тиіс.

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты міндет – оны нығайту және төлемдердің тиімділігін арттыру. Қазақстан халқының  жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражаттың кіріс үлесі инфляциямен салыстырғанда 1,4 %-ға дейін өсті. Ал Қостанай облысында бүгінгі күні 533 418 зейнетақы шоттары ашылып, жинақ көлемінің жалпы соммасы 337 млрд. теңгені құрап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА  300- ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРНЫ БОС ТҰР
18:07, 12 шілде 2018
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА 300- ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРНЫ БОС...
Толығырақ...
К. ӘБДІРАХМАНОВА  «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
09:26, 12 шілде 2018
К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН  АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09:00, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН АСТАН...
Толығырақ...
К. ӘБДІРАХМАНОВА  «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
09:26, 12 шілде 2018
К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...