ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨЛЕМІ ӨСТІ

18:00, 10 қаңтар 2019

Бірінші қаңтардан бастап, елімізде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артты. Бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы 2700 теңгеге көбейсе, бала тууға байланысты бір реттік төлем 4,5 мың теңгеге өсті. Осылайша, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау арта түсті.

1 қаңтардан бастап, елімізде зейнетақы мен жәрдемақы көлемі өсті. Айлық есептік көрсеткіш көлемі 2525 теңгені құрады. Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 698 теңге болып бекітілді. Жыл басынан бастап зейнетақы 7 пайызға артып, толық зейнетақының ең төменгі мөлшері 36108 теңгені құрайды. Нақтырақ айтсақ, жалпы зейнетақы 7 пайызға, базалық зейнетақы 5 пайызға өсті. Сонымен қатар, денсаулық жағдайына байланысты берілетін жәрдемақы көлемі де көбейді.
 

Биылдан бастап 1 топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 2715 теңгеге өсіп, 57021 мың теңгені құрады. Ал екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жаңдарға төлем  2163 теңгеге артып, 45 438 теңгені құрады.  Үшінші топтағылардың жәрдемақысы 1478 теңгеге өсіп, 30 886 теңгеге жеткен.

Сол сияқты,  зейнет жасына байланысты зейнетақы инфляция деңгейінде немесе 7 пайызға артты. Ал  жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіштен кем азаматтарға табыс салығы 10-нан 1 пайызға төмендейді. Сонымен қатар, 2019 жылы шағын және орта бизнеске салық өсімақысын амнистиялау, коммуналдық төлемдер мен ұялы байланыс қызметінің арзандатылуы да қолға алынған.

Тақырып бойынша материалдар

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
16:18, 23 наурыз 2019
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
18:08, 20 наурыз 2019
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
Толығырақ...
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАДЫ
13:00, 20 наурыз 2019
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН...
Толығырақ...