ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕР КӨБЕЙГЕН

20:30, 4 маусым 2020

Қостанай ауданы, Заречный кентінде халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламалар тиімді жүзеге асып жатыр. Нәтижесінде, кәсіп түрлерін меңгеріп, жұмысқа орналасқандар саны артқан. Абаттандыру жұмыстары жанданып, кент көркейе түскен.

Наталья Лобанова Заречныйдың байырғы тұрғыны. Ол жалпыға ортақ үйдің кондоминимумына қатысты мәселемен келіпті. Көпқабатты үйдің шатырын жөндеу мен пәтер иелері кооперативінің жұмысына қатысты да түйткілдер көп дейді.

Ауылдық округтің әкімі бұл мәселе назарда екенін айтты.  Үйдің шатырына жөндеу жұмыстары маусым айының аяғында жүргізілетінін, сонымен қатар пәтер иелері кооперативін құру мәселесін қолға алатынын жеткізді.

Елді мекендерде бүгінде мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланып, өз жеке кәсібін ашып жатқан азаматтар қатары артқан. Мәншүк Нұрмұхамедованы да «Бастау-бизнес» қызықтырады. Ол жеңілдетілген несие арқылы мал шаруашылығымен айналысқысы келеді.

Қостанайдың іргесіндегі Заречный кенті жылдан жылға шырайланып, экономикалық-әлеуметтік ахуалы арта түсуде. Ауылда бірталай абаттандыру жұмыстары қолға алынып, әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жасалуда. Көшелерге асфальт төселіп, гүлзарлар жайнап тұр. Көшелерге жарық та тартылған.  

Маңызды бағыттардың тағы бірі - халықты әлеуметтік қорғау. Жұмыссыз  азаматтар нәтижелі жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысады. Бүгінгі күні жоспарланған 345 адамның барлығы тұрақты жұмысқа орналасты. 26 азамат қысқа мерзімді оқу курстарына жіберілді, 66 адам «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін үйреніп шықты. 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
20:30, 15 шілде 2020
АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:30, 10 шілде 2020
ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...