ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛДЫ

20:20, 20 қаңтар 2020

Мемлекет меншігіндегі жерді иемденген шаруашылықтарға уақытында шара қолданбаған инспектордың ісі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Өткен жылдың шілде айында Қарабалық ауданының орманшылары бірнеше серіктестік заңсыздыққа барғаны жөнінде тиісті органға хат жолдайды. Хатпен қоса, алқаптардың нақты шекаралары белгіленген топографикалық карта да жіберіледі. Алайда, заңсыздыққа қатысты Қостанай облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ешқандай шара қолданбаған.

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Достан Назаровтың ісі қаралды. Ол Қарабалық ауданы Михайлов орман шаруашылығы тарапынан түскен шағымға уақытында жауап бермеген. Аталған өңірде бірнеше серіктестіктің мемлекеттік орман қорына тиесілі алқаптарға егін егу фактісі тіркелген.

Инспектордың өзі ауданға барып, тексеріс жүргізуге уақыт таппағанын, басшылық  мүмкіндік бермегенін айтып ақталды.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері инспектордың бұл салғырттығын сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әрекет деп таныды. Осыған байланысты басшысының мәселесі қаралмақ. Дегенмен, бұл жауапкершілікті Назаровтан алып тастайды деген сөз емес.

Отырысқа жиналғандар инспекторды жұмыстан босату немесе лауазымына сай емес деп тану мәселесін қарады. Кеңес мүшелері ақылдаса келе, бұған дейінгі тәжірибесін ескере отырып, екінші нұсқаны таңдады.

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:38, 27 ақпан 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
20:33, 27 ақпан 2020
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
Толығырақ...
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
20:31, 27 ақпан 2020
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...