ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА Толығырақ

ЗАҢСЫЗ АҒАШ КЕСУГЕ ЖОЛ ЖОҚ

20:48, 17 қазан 2019

Соңғы кезде облыстағы орман шаруашылықтарында заңсыз ағаш кесу фактілері азайған. Бұл, жүйелі түрде жүргізілген рейд шараларының нәтижесі дейді Орман шаруашылығы және жанауарлар дүниесі басқармасының мамандары. Дегенмен, отын үшін осындай әрекетке баратындар әлде де жоқ емес. Мамандар жыл басынан бері осындай 30-ға жуық заң бұзушылықты анықтаған.

Өңірімізде жыл басынан бері 30 шақты заңсыз ағаш кесу дерегі тіркелген. 104 текше метр жасыл желекті отап тастағандар бұл әрекетін үйімізде отын жоқ деп түсіндіреді екен әдетте. Оларға хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Алайда, күн суытқан сайын жағдай керісінше болуы да мүмкін. Көмір қымбат болғасын, тұрғындар қыстан қысылмай шығудың өзге амалдарын ойлай бастайды. Оңай жол – браконьерлік. Өзіне де жеткілікті жинап алады, сатып пайда көруге де болады.

Орманшылар жасыл желекті қорғау үшін алқаптарды тікұшақпен де қадағайтындарын айтады. Әлеуметтік желілер арқылы тұрғындармен де кері байланыс орнатқан.

Енді заңсыз жолмен пайда тапқысы келетін азаматтар орман қорына кіретін ағаштарды жəне бұталарды заңсыз кессе немесе зақымдаса – үш жүз айлык есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейтін болады. Немесе екі жүз кырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, болмаса, жетпіс бес тəулікке дейін қамауға алынады.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
20:49, 15 қараша 2019
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
20:41, 13 қараша 2019
30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...