ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

20:30, 12 наурыз 2020

Қазақстанда бейбіт митинг өткізуге рұқсат алудың қажеті жоқ. Екі апта бұрын жергілікті атқарушы органды ескертсе жеткілікті. Мәжілісте бейбіт шерулерді өткізу тәртібі бойынша заң жобасы таныстырылды. Құжатта ұйымдастырушылардың, митингке қатысушылардың, өзге тұрғындардың, журналистердің де міндеттері мен құқықтары қаралған.

Заң жобасы Мәжіліске дейін жер-жерлерде жан-жақты талқыдан өтті. Қоғам белсенділерінің, заңгерлердің, мемлекеттік органдардың ұсыныстары ескеріліп, дүниежүзілік тәжірибе зерттелген. Құжат талабы бойынша шеруге қатысушылардың да, қоғамның да қауіпсіздігін қамтамасыз ету митингті ұйымдастырушыларға жүктеледі.

Ал, сол жиынды өткізетін орындарды жергілікті мәслихаттар анықтайды. Бастысы қаланың шеті емес, халық үшін ыңғайлы болатындай қала орталығында болуы міндет.

Қауіпсіздік мақсатында, митингіні ұйымдастырушыларға нақты алты талап қойылады. Бастылары: конституция құрылымын күштеп өзгертпеуі, басқа адамдың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі, ұлттық, нәсілдік, рулық араздықты қоздырмауы, шарт. Егер бұл шарттар орындалмаса шеру өткізуге рұқсат етілмейді. 

Соңғы жасалған әлеуметтік сауалнамаға қатарағанда халықтың 90 пайызы шеруше шығуға құлықты емес. Басты себеп қауіпсіздік. Оның ішінде халықтың бір бөлігі митингілердің соңғы мәселені шешкенен көрі, күрделендіре түседі деп санайды екен. Сондықтан қоғам талқысынан өткен құжатты енді депутаттар жіті зерделемек.  

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...