ШҰҒЫЛ! Жаңа тағайындау! Әулиекөлдің жаңа әкімі таныстырылды Толығырақ

Ұзынкөлдіктер аналарды ұлықтады

20:40, 12 наурыз 2018

Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз мейрамын ұзынкөлдіктер ерекше салтанатпен атап өтті. Көп балалы аналарға құрмет көрсетіліп, «күміс алқа» тағылды. Олар бала тәрбиесіне байланысты түрлі байқауларға қатысып, бақ сынасты. Осы өзекті мәселе төңірегінде өзара пікір алмасты.

Ұзынкөл ауданында қазір 40-шақты ұлт  өкілі  тату-тәтті  өмір сүріп, ел игілігі үшін бірлесіп еңбек етуде. Олардың арасында  жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп отырған ардақты аналар да баршылық. Мерекелік жиында аудан әкімі Қайрат Әбішев көп балалы екі ардақты  анаға «күміс  алқа» белгісін табыс етіп, аудан экономикасын өркендетуге  үлес қосқан өзге нәзік жандыларды марапаттады.

8-наурызға  арналған  мерекелік жиында  Ұзынкөлдік  нәзік  жандылар арасында  түрлі  ұлттардың салт-дәстүріне байланысты  байқаулар да ұйымдастырылды.Байқауға қатынасып,бақ сынасқан  аналар  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  байланысты  ойларын ортаға салып, өзара пікір алысты. Түрлі ұлт өкілдерінің  киім үлгілері мен  ас мәзірін  мерекелік  жиында бас қосқан көпшілік  қауым мен төрешілер алқасының назарына ұсынды.Байқауға қатынасқан барлық аналар марапалып,арнайы сыйлықтарға ие болды.

Ұзынкөл-елімізге есімдері танымал талай талантты өнерпаздың кіндік қаны тамған атамекені. Елордамыз Астанада тұратын жас өнерпаздар  туған өлкесі-Ұзынкөлде  аналар мерекесіне орай өткен сазды бағдарламаға  арнайы келіп қатынасты. Жүректен жарып шыққан сырлы әуендерін жерлестеріне мерекелік  ән-шашу етіп  ұсынды.

Тақырып бойынша материалдар

2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді
15:04, 11 желтоқсан 2018
2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді
Толығырақ...
15:02, 11 желтоқсан 2018
Инфрақұрылымды дамытуға 30 млрд. теңге бөлінеді Жол құрылысы...
Толығырақ...
Ұлы даланың жеті қыры: Жаңа жобалар бастау алды
14:57, 11 желтоқсан 2018
Ұлы даланың жеті қыры: Жаңа жобалар бастау алды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОТ ИДЕИ К ВОПЛОЩЕНИЮ. ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМУ» ПОКАЗАЛ УСПЕШНЫЕ БИЗНЕС-ПРОЕКТЫ
18:20, 7 желтоқсан 2018
ОТ ИДЕИ К ВОПЛОЩЕНИЮ. ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМ...
Толығырақ...
100 нақты қадам: «Қостанай» - адалдық алаңы! Индустриялық аймақ қарқынды дамуда
10:26, 5 желтоқсан 2018
100 нақты қадам: «Қостанай» - адалдық алаңы! Индустриялық ай...
Толығырақ...
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
10:30, 5 желтоқсан 2018
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
Толығырақ...