ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

«ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» БАЙҚАУЫ

20:30, 24 маусым 2020

«Үздік мемлекеттік қызметші». Қостанайда дәстүрге айналған шара биыл да жалғасын тапты. Тек онлайн режимінде. Мемлекеттік қызметкерлер күніне орайластырылған жиын жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен концертке ұласты.

Абылайхан Әбдіжамал Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының бас маманы. Оның мемлекеттік салада қызмет етіп жүргеніне 5 жыл болды.  Басты міндетім халыққа адал қызмет жасау, дейді. Байқауға тыңғылықты дайындалыпты. Биылғы талап ерекше.

Байқаудың басты мақсаты - мемлекеттік қызметтің  беделін арттыру.  Мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік мамандарды анықтау. Биыл пандемия жағдайында шара онлайн режимінде ұйымдастырылды. Қатысушылардың да саны аз. Он шақты.

Мерекелік шара барысында үздіктер қатарынан көрінген байқау жеңімпаздары марапатталды. Саланың үздік мамандарына да алғысхаттар табысталды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшыларының айтуынша, ең алдымен білім, біліктілік сыналады. Адалдық, жауапкершілік, әділдік, кәсіби шеберлік те мемлекеттік қызметшіге тән болуы керек. Марапаттау рәсімінен кейін онлайн концерт қойылып, көрермендер оны тікелей әлеуметтік желілер арқылы тамашалады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар