ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ҮРЕЙМЕН КҮН КЕШКЕНДЕР

20:28, 25 ақпан 2020

Арқалық қаласында 20 жылдан бері газ қызметі жоқ. Сол себепті құрылғылар мен балондарды тексеріп, техникалық талаптың сақталуын ешкім қадағаламайды. Яғни, газды тұтынған тұрғындардың қауіпсіздігіне жауапты мекеме жоқ. Бұл аздай көпқабатты үйлерде жаппай газ балондарын пайдалану - қорқынышты қалыңдатып отыр. Себебі ҚР "Газ және газбен жабдықтау туралы"заңының 28-бабында: Екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарды сақтауға немесе пайдалануға тиым салынады» деп анық жазылған. Әріптесіміз Дәуренбек Әбдібек әңгімелейді.

Техникалық талап бойынша мынадай көпқабатты үйлерде ас-ауқат табиғи газбен немесе электр плиталарымен дайындалуы тиіс. Алайда Арқалықта мұның екеуі де жоқ. Сондықтан қаладағы 135 көпқабатты үйдің тұрғындарының барлығы амалсыз газ балондарын пайдалануға мәжбүр.

Сая Балтекенова жаңа пәтерге қоныстанғанда дүкеннен электр плитасын сатып әкеп пайдаланып көрген. Алайда желі жоғары кернеуге есептелмегендіктен жарық өшіп қала беріпті. Амал жоқ басқалар тәрізді қазір газ балонын қолданып отыр. 

Төрт баланың анасының алаңдайтын жөні бар. Газ балоны мен плитаның қолдануға қаншалықты жарамдылығын тексеретін маман жоқ. Ақау шықса өзі ептеп жөндеген болады. Қала тұрғындарының бәрінің басындағы жағдай осы. Олардың қауіпсіздігі жауапты мекемелердің назарынан тыс қалған. 

Мамандар  газ балонының сапасына оны  саудалаумен айналысатын кәсіпорындар жауапты дейді. Бірақ сол кәсіпорындардың өзі бұл талапты қалай орындап отырғанын тексеруге құзіретті мемлекеттік мекеме жоқ.  Екі жыл бұрын сәулет құрлыс бақылау басқармасынан газ инспекциясы құрылыпты. Бірақ олардың қызметін анықтайтын заң тетіктері болмағандықтан қолдары байлаулы.

Яғни облыс бойынша да жағдай оңып тұрған жоқ. Ал Арқалықтағы қауіпті сейілтудің нақты жоспары жасалмаған. Мамандар көгілдір отынды бұрынғыдай арнайы газгольдерлерге толтырып  орталықтандырған жүйе арқылы беруді қалпына келтіру керек дейді. Бірақ бұл сөз жүзіндегі ұсыныс қана.  Демек тұтас бір қала тұрғындарының қауіпсіздігі биліктің назарынан тыс қалып тұр.

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МАСКА ТАРАТЫЛДЫ
20:38, 27 наурыз 2020
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МАСКА ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар