ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ

20:47, 10 наурыз 2020

Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Мамыр айының мерейлі мерекесі жақындай түскен сайын майдангерлердің де ескірмес естеліктері қайта жаңғыра береді. Осы орайда Отан үшін от кешкен оғландардың бірі - Қасымхан Алдабергенов жеңіл жолмен жетпеген Жеңістің бағасы, оның қадірі жайлы өзінң ой-толғамдарымен бөлісті. Өр тұлғаның өткен өмірі мен майдан шебінде көрсеткен ерлігі төңірегінде толығырақ тілшіміз баяндап берсін

Туған жер тұлғаларымен асқақ. Кешегі сұрапыл соғыстың салдары талайлардың   жадында мәңгі қалары анық. Отанға төнген қауіп пен қатерге қарсы қалқан бола білген ел қорғандары кешегі - солдат, бүгінгі - ақ самай ардагерлер халқының шексіз құрметіне ие. Ел ертеңі үшін етігімен су кешкен ер азаматтар, өр тұлғалар жетерлік Қостанай өңірінде. Солардың бірі – жастық шағының жеті жылдам астам уақытын майдан даласында өткізген Қасымхан Алдабергенов. Ол өзінің осыдан 75 жыл бұрын өткен өмірінің көріністерін еске алады.

Әскери оқу орынына қабылданған бозбала 1,5 жыл бойы әуе-десант күштерінің құрамында ұрыс қимылдарына қанығады. Соғысқа тек 1945-ші жылдың наурыз айында Венгрия түбінде кіріседі. Жанталасқан жау жасағына тойтарыс беріп, кейін Австрияны неміс басқыншыларынан азат етуге өз үлесін қосады.

Атылған оқ, төгілген қан, жат жерде мерт болған жерлестер, қарулас жауынгерлер 95-тегі майдангердің тың санасында мәңгілік сақталады. Әлі күге көз алдынан кетер емес. Бұл көріністер енді қайталанбасын, өскелең ұрпақ Жеңістің қадірін жете түсіне білуі тиіс, -  дейді бүгінгі бейбіт өмірге шүкірлішік еткен ардагер. 

Қасымхагн Алдабергенов әскери әдепті сақтап, берілген бұйрықты бұлжытпай орындап, елге қорған бола білгені үшін майдан даласынан гвардия старшинасы шенімен оралды. Ең бастысы, ол жауды жойып, Отанына Ұлы  Жеңіспен оралды.

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...