ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

21:09, 14 қазан 2019

Еліміздегі тұрақтылық пен тыныштыққа әлем елдері қызыға қарайды. 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір шаңырақ астында тату – тәтті өмір сүруі ешбір мемлекетте жоқ байлық. Қостанайға келген астаналық және Қазақстан митрополиті Александр осылай деді.

Орыс шіркеуінің Астаналық және Қазақстан митрополиті Александр аса қасиетті мәскеулік матрона әулиесінің күшін Қостанайға әкелді. Оны әуежайдан облыс әкімінің орынбасары, Дін Басқармасының басшысы мен православ шіркеуінің өкілдері қарсы алып, арнайы келгені үшін алғысын білдірді. Киелі зат Қостанай мен Рудныйдағы соборда 3 күн болады. Бұған дейін ол Қазақстанның оңтүстік астанасында болып, 25 мың адам әулие Матронаға сыйынып тілек тіледі. Дін өкілінің айтуынша, оның емдік қасиеті бар.

Бүгінде облысымызда дінаралық келісімді нығайту бағытында түрлі мазмұнды іс - шаралар ұйымдастырылуда. Дін өкілдері еліміздегі сан түрлі ұлттардың бірлігін арттыруға Елбасының қосқан үлесі қомақты деп санайды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...