ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ - КІШІГЕ ІЗЕТ

13:03, 11 шілде 2018

Ұлы отан соғысының ардагерлеріне қамқорлық көрсету шарасы Қостанайда жалғасын табуда. Қылмыстық - атқару жүйесі департаменті қызметкерлері қолдарына құрал-саймандарын алып, ҰОС ардагерінің үйін тазалап шықты. Қас-қағым сәтте жұмысты тиянақтап, майдангерлердің соғыс жайлы естеліктерін тыңдады. Ардагерлерді ардақтау басты міндетіміз деп санайтын департамент қызметкерлері осындай игі іске қуана атсалысатындарын айтады.

Михаил Кондратенко 17 жасқа толғаннан кейін әскерге аттанған. Бозбала шағынан бастап шайқас алаңына түсті. Отан үшін от кешті. Ол ҰОС-ын украйналық, беларустық фронтта өткізген. Сондай-ақ Сталининград үшін шайқаста ерлік көрсеткен. Сол жылдары ол соғыс алаңында ауыр жарақат алып, бір бүйрегінен айырылады. Қазір жүз жасқа келген қарт майдангер тоқсан алты жастағы жұбайымен бірге тұрып жатыр. Қос қанаты ұлы мен қызы дүниеден өткелі қос қария бір-біріне медеу болып жүрген жайлары бар. Үй ішіндегі ірілі-ұсақты жұмыстардың өзін егде жастағылар еркін еңсереді деу қиын. Сондықтан, департамент қызметкерлері  оларға ара-тұра  келіп тұрады. Хал-жағдайларын білісіп, қол ұшын созады.

Аз уақыт аралығында ауланы ас дайындап, айналаны айнадай еткен  департамент қызметкерлеріне қарияның айтар алғысы шексіз. Үлкенге құрмет көрсету міндетіміз деп білген жастардың бұл ісі мені әрине тебірентті, дейді ардагер.

Сондай-ақ, биыл 100 жасқа толған Михаил Кондратенконың өңірдің қылмыстық-атқару жүйесіне қосқан үлесі де жетерлік. Соғыстан келгеннен кейін 25 жылын осы салаға  арнаған ардагердің ерліктерінің естелігіндей болып тұрған жәдігерлері кеудесіндегі төсбелгілері. Сұрапыл соғысты өз көзімен көрген қарияның жалғыс тілегі ,еліміздің бейбіт өмірі сүруі.

 

Әсел Құдайбергенова

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА  300- ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРНЫ БОС ТҰР
18:07, 12 шілде 2018
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА 300- ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРНЫ БОС...
Толығырақ...
К. ӘБДІРАХМАНОВА  «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
09:26, 12 шілде 2018
К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН  АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09:00, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН АСТАН...
Толығырақ...
К. ӘБДІРАХМАНОВА  «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
09:26, 12 шілде 2018
К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...