ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ҰЛАНДЫҚТАР ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

20:30, 9 қыркүйек 2020

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қарулы күштердің әлеуеті артты. Кәсіби тұрғыдан шыңдалды. Кең байтақ Қазақстанның іргесін берік ұстап, мемлекет шекарасын көздің қарашығындай сақтауға ант берген сарбаздар Президент Жолдауын ықыласпен тыңдап, Мемлекет басшысының барлық бастамаларына қолдау білдіріп жатыр.

Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінде маңызды құжат талқыланды. Ел тыныштығы мен қауіпсіздік – мемлекет дамуының негізі. Әскерилер бұл ретте өздеріне жүктелген жауапкершіліктің маңыздылығын жақсы түсінеді. Және бар күш-жігерлерін жұмсауға дайын. Жыл сайынғы жолдау елімізді жаңа қадамдарға бастайды. Қарулы күштер саласында болған көптеген реформалар бүгінде оң нәтижесін беріп жатыр. Біз оның орындалуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз, дейді әскерилер.

Айта кетейік, коронавирустың кесірінен болған төтенше жағдай кезінде де әскерилер жұдырықтай жұмылып, күш біріктірудің үлгісін көрсетті. Халыққа барынша жәрдем етті. Мыңдаған тәжірибелі мамандар блок бекеттерде тәулік бойы кезекшілік құрып, айналаны патрульдеуге, санитарлық-дезинфекциялық жұмыстарға тартылды.   

Тақырып бойынша материалдар

"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ БАСТАУ АЛДЫ
20:30, 21 қыркүйек 2020
"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...