ШҰҒЫЛ! «МЕН ҚАЗАҚПЫН» ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҰЛАҒАТТЫ ОТБАСЫ - ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

20:47, 15 мамыр 2018

Отан – отбасыдан басталады. Ал сол шаңырақтың берік болуы отбасылық құндылықтарға, тәлім - тәрбиеге байланысты. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан облыстың аудан, қалаларында аналар кеңесі құрылған болатын. Оның құрамына тәжірибелі ұстаздар, көпбалалы аналар, кәсіпкерлер кірді. Аталған ұйымның бүгінде атқарған жұмысы аз емес. Қостанайда аналар кеңесі өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. Онда отбасылық мәселелерді тиімді шешуде ұтымды ұсыныстар айтылды.

«Қазақстан халқы ассамблеясы» мен «Қоғамдық келісім» тапсырмасымен   «Отбасыларды қолдау ресурстық орталығы» былтыр  жүзеге асырылды. Әлеуметтік маңызы бар жобаның көздегені - отбасылық дәстүрлерді үгіттеу, жанұядағы жанжалдан зардап шеккендерге    психологиялық  тұрғыдан тегін  көмек беру. 

Осыдан 3 бұрын Арқалық қаласындағы ардагерлер кеңесінің жанынан ана дария мектебі ашылды. Кейін ол аналар кеңесі болып атауын  өзгертті. Алайда,  аты өзгерсе де мақсаты сол - отбасылық құндылықттарды арттыру, ұлттық салт - дәстүрлерді сақтау,  тұрмыстық – зорлық зомбылықтардың алдын алу.

Ел тірегі - үлгілі отбасы. Аналар кеңесінің жұмысы  татулығы мен бірлігі  жарасқан  жан ұлялардың санын көбейтуге  бағытталған.  Осы орайда жас отбасылармен жиі  іс - шаралар өтіп тұрады. Ерлі- зайыптылар да оған белсене қатысуда. Отбасының  берекесін  арттыратын  – әйел.  Сондықтан аналар кеңесі отбасының  ұйытқысы болашақ ана -   қыздардың   тәрбиесіне көп көңіл аударуды мақсат етеді.

Облыста 21 аналар кеңесі жұмыс сітейді.Олардың жұмысын жоғары деп бағалауға болады. Жанұядағы жанжалдың алдын алуда биыл ашық дәріс сабақтарын өткізілмек. Жалпы, мұндай кеңестердің көмегіне ер кісілерге қарағанда көбінесе, қыз-келіншектер жүгінеді екен. 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ЖАМАҒАТ ҚҰРАННЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ТАНЫП-БІЛУДЕ
18:17, 25 мамыр 2018
ЖАМАҒАТ ҚҰРАННЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ТАНЫП-БІЛУДЕ
Толығырақ...
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ 94 ТҮЛЕК ҰШЫРДЫ
18:14, 25 мамыр 2018
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ 94 ТҮЛЕК ҰШЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯҒА ҚАДАМ
20:35, 23 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯҒА ҚАДАМ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «КІТАПХАНА КҮНДЕРІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
20:43, 18 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «КІТАПХАНА КҮНДЕРІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...