ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

ҮЙІ ӨРТЕНГЕН ОТБАСЫ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ

20:12, 12 қазан 2020

Тобыл қаласындағы жеке тұрғын үй өртке оранып, бір отбасы қыстың алдында далада қалды. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ, бүкіл дүние-мүлкі күлге айналды. Оқыс жағдайға тап болған отбасыға тұрғындар қолдан келер көмегін көрсетуде. Оларға уақытша паналауға орын бөліп берген.Сондай-ақ, киім-кешек пен тұрмысқа қажетті құраларды да әкелуде.

Ұйқысынан оянып, отбасысымен таңғы асын ішер алдында Роман Горшков төбеден көк түтінді байқайды. От әп-сәтте үйдің барлық бөлмелерін шарпиды. Үй иесі жанталаса жүріп, ата-анасын және әйелі мен баласын сыртқа алып шығып үлгеріпті. Іші ағаштан салынған баспана лаулап жанып жарты сағатта-ақ сау-тамтығы қалмаған.

Сөйтіп, тілсіз жау салдарынан Горшковтар отбасы зардап шекті. Алайда, тұрғындар  қолдау танытуда. Бір көршісі уақытша баспанасынан бөлмесін ұсынса, басқалары тұрмысқа қажетті заттарды әкеп жатыр.
 

Горшковтар әулеті осындай қиын кезде демеу болған көпшілікке дән риза. Бастысы, бәрі дін аман. Ал, олардың жағдайын әбден түзеп алуы үшін қаржылай қолдау керек.

Үйі өртеніп кеткен отбасына қолұшын беремін деген қайырымды азаматтар экранда көрсетілген есепшотқа қаржы аудара алады.

KASPI GOLD  +77779989810 Елена Викторовна

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:45, 28 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...