ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ТЖ УАҚЫТЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ АРТПАҚ

20:33, 19 наурыз 2020

Төтенше жағдай уақытында отандық тауар өндірушілер қолдаусыз қалмайды. Елімізде бизнес үшін несиелендіру көлемі ұлғаймақ. Жыл аяғына дейін кәсіпкерлік нысандарды тексеру де қысқармақ. Және де, несиені уақытылы төлемегені үшін қаржы ұйымдары да іскер жандарға айыппұл салмайды. Бұл туралы Кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасының басшысы мәлімдеді.

Қауіпті індеттің  ел аумағында таралуына жол бермеу мақсатында елімізде төтенше жағдай режимі жарияланғаны белгілі.  Экономиканың әлсіреуіне жол бермес үшін  Үкімет бизнесті қолдаудың қосымша шараларын әзірледі.  Біріншіден,  кәсіпкерлер үшін несиелендіру 1 трлн. теңгеге дейін ұлғаятын болады.  Қомақты қаражат, ең алдымен, импортқа тәуелділікті төмендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнім өндірушілерге беріледі.  Жеңілдіктер  «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде іске асады.

Кәсіпкерлер үшін салықтық ынталандырулар да қарастырылған. Бірақ, бұл жеңілдік  жекелеген санаттар үшін ғана  көзделген.  Салықтық есептер де   үшінші тоқсанға дейін   шегерілді. Одан бөлек, жыл аяғына дейін орта бизнес  субъектілерін тексеру қысқарады.

Елдегі  төтенше жағдай режимінде   халықты қажетті азық- түлік тауарларымен қаматамасыз ету - басты міндет. Осы ретте облысымыздағы  дүкендер,  дәріханалар мен сауда орындарындағы супермаркеттер  жұмысын тоқтатпайды. Бірақ, аталған нысандар санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау  тиіс. Төтенше жағдай уақытында қауіпсіздік шаралары жүйелі жүргізілетінін жеткізді мамандар.   Мысалы, халық көп шоғырланатын демалыс кешендері   қызметін тоқтатады. Базарлар жұмыс істегенімен, залалсыздандыру  және тазалық жұмыстары күшейтілетін болады.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...