ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ТЖ: ТУРИСТЕРДІҢ АҚШАЛАРЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ МА?

20:34, 20 наурыз 2020

Әлемде короновирус жұқтырғандар саны 200 мыңға жетті. Осыған орай, көптеген елдер шекараларын жабуда. Бұл туризм саласына кері әсерін тигізуде. Осыған орай, тур агенттіктерге шет елде саяхаттау үшін ақшаларын төлеп қойған азаматтардың қаражаттары қайтарылады ма? Бұл сұраққа өңірілк коммуникациялар орталығында өткен брифингте сала мамандары жауап берді.

Қытай аумағынан шыққан коронавирус қазір 140-тан астам елге жетті. Әлем мемлекеттерінің көп бөлігі шекараларын жауып тастады.Алайда,жүздеген қазақстандық әлі де шет елде.  Жұқпалы дертке еліміздің турзим тарапы да алаңдаулы. Себебі, шет елдерде қалған отандастарымызды елге қайтару мәселесі өзекті.

Төтенше жағдай кезінде туристік агенттіктер уақытша қызмет көрсетпейді. Халықаралық рейстер 16 сәуірге дейін тоқтатылды, сәйкесінше осы уақытқа тур сатып алған азаматтар үйлерінде қалады. Осы орайда, жоспаралған саяхаттары іске аспай қалған туристерді мазалайтын сұрақ. Ол турагенттіктерге берген ақшалары қайтарылады ма?

Сәтсіз турлар үшін туристердің ақшалары жанбайды.Олар туристік депозитте қалады. Бұл төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін туристер бұл қаражатты басқа уақытта демалысты брондау үшін пайдалана алады дегенді білдіреді. Сонымен қатар, турлар ескі  бағам бойынша төленді.

Туристік компания өкілдерінің ресми мәліметіне сәйкес, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін олар туристер алдындағы келісім-шарттық міндеттемелерін орындайтын болады. 30 күн ішінде барлық өтініштер қаралады.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕР КӨБЕЙГЕН
20:30, 4 маусым 2020
ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:19, 1 маусым 2020
БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...