ШҰҒЫЛ! COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Толығырақ

ТЖ режиміндегі театрлар мен кітапханалар

20:48, 6 сәуір 2020

ТЖ режиміндегі театрлар мен кітапханалар. Мәдениет саласының мамандары онлайн қызметке көшті. Енді сіз үйден шықпай-ақ онлайн режимде Толстой атындағы кітапхананың кітаптарын оқып, театр ұсынған оқу ойындарды және пайдалы кеңестерді қарай аласыздар.Толығырақ тілші тарқатады.

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты барлық мәдени орындар жұмыстарын уақытша тоқтатқаны белгілі. Осы орайда сала мамандары тұрғындар үшін онлайн қызмет көрсетуде. Кітап оқуды ұнататындар үшін Қостанай облыстық әмбебап кітапханасының ақпараттық бөлімінде пайдаланушыларға виртуалды қызмет көрсетіле бастады.Енді кез келген оқырман кітапхана қорынан электрондық көшірмелерге тапсырыс бере алады.Облыстық орыс драма театрының қызметкерлері де онлайн режимде жұмысын жалғастыруда. Интернет кеңістігінде қызметкерлер балаларға арналған оқыту ойындарын шығарады. Онда қолда бар құралдардан әртүрлі заттарды қалай жасау керектігін көрсетеді. Аталған шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Себебі, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны күн санап артуда.Сондықтан сала мамандары тұрғындардан енгізілген барлық ережелерді сақтап үйде болуларын сұрайды.

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
20:27, 27 мамыр 2020
КАРАНТИН ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК
20:26, 27 мамыр 2020
COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...