ШҰҒЫЛ! COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Толығырақ

ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУДА

20:47, 1 сәуір 2020

Коронавирус пандемиясы кезінде балғындар уақытын қалай өткізуде? Шыны керек, ойын баласына төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Алайда, олар уақытты қызықты, тиімді өткізудің түрлі тәсілдерін ұсынуда. Бұл сөзімізге елімізде бастау алған жалпыұлттық челлендж айқын дәлел бола алады. Әлеуметтік желі арқылы тараған бейнероликтерде қазақстандық бүлдіршіндердің бірі шығармашылық қырынан танылып жатса, енді басқалары тіпті аспаздық өнерді меңгеріп алған.

Бұл Әлиби  есімді бүлдіршін. Ол карантин кезінде пайдалы іспен шұғылдануда. Жақсы көңіл күйде бой сергіту жаттығулар жасап, жалпыұлтық челленджге қатысуда. Әлиби  тәрізді осылай уақытты  бос өткізбей, салауатты өмір салтын ұстанған  балалар аз емес. Бұл қуантады әрине. 

Ал ыдыс жуып жатқан мына сүйкімді бүлдіршін әлеуметтік желі оқырмандарын  тәтті қылығымен тәнті етті. Үй шаруасына ерте араласып үйреніп жатыр. Анасының ең сенімді көмекшісі өзіне тапсырылған шаруаны тап-тұйнақтай етіп атқарды. 

Аспаздық өнерді меңгерген Жалғас есімді бала да челленжден қалыс қалмауды жөн санады. Дәмді тағамдардың түр  - түрін әзірлеп, көпке үлгі болып жатыр.

Төтенше жағдай режимі  кезеңінде, үйде отырған балалардың  бірі шығармашылық шеберліктерін жетілдірсе, енді бірі денсаулыққа пайдалы істермен шұғылдануда. Енді басқалары үй шаруасына баулу тәсілдерін меңгеріп жатыр. Балалар үйлерінде  зерігіп жатқан жоқ.  Уақыттарын тиімді өткізуде. Бастысы  қауіпсіздік ержелерін бұзбай, сақтық шараларын  ескеру. Бұл  қауіпті індетті жұқтырмаудың бірден бір жолы.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
20:27, 27 мамыр 2020
КАРАНТИН ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК
20:26, 27 мамыр 2020
COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...