ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП

20:32, 26 қазан 2020

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өткен жылы оңтүстік, батыс өңірлерінен солтүстік аймақтарға 700 шаңырақ қоныс аударған. 2018-2022-ші жылдары барлығы 59 мың отбасын теріскейге көшіру жоспарланып отыр. Қостанай жеріне Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Маңғыстау облыстарынан қоныстанушылар көп. Оларға қандай жеңілдік, қолдаулар қарастырылған? Бұл бағдарлама өңірдегі жұмыс күші тапшылығы мәселесін қаншалықты шешіп отыр? Тілші әңгімелейді.

Гүлсезім Тоқболат – Қызылорда облысының тумасы. Мектепті сонда бітіріп, ЖОО Арқалық қаласында аяқтаған. «Еңбек» бағдарламасының қоныстану бағыты бойынша ол ерікті түрде теріскей тұрғыны атанған.  Осы ретте оңтүстік өңірлерден солтүстікке көшіп келуге ниетті адамдарды ынталандыру үшін қоныс аударғандардың шығындары 35 АЕК көлемінде өтеледі. Жұмыс күші тапшы аймаққа қоныстанса, отбасының әр мүшесіне 90 мың теңге көлемінде қаржы беріледі.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Қостанай облысында еңбек ресурстарын оңтайландыруды көздейтін өңірлік квотаға 900-ге жуық адам іліккен. Оның ішінде 500 қоныс аударушы, «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының 36 түлегі және шет елден оралған 350 қандасымыз іліккен. Ал, былтыр 814 адам Тобыл-Торғай аймағынан құтты қоныс тапқан.

 Көші-қон бағдарламасы жұмыссыз жүргеннің бәрін жаппай солтүстікке көшіруді мақсат етпейді. Негізгі бағыт – басқа аймақтардағы бос жұмыс күшін мамандықтарына сай теріскейге орналастыру, тұрақтандыру. Мысалы, солтүстік өңірлерге мұғалім, дәрігер, құрылысшы, ауыл шаруашылығы мамандары жетіспейді. Бағдарлама аясында соңғы 4-5 жылда бос жұмыс орындары осындай мамандармен толыққан. Тағы бір айта кетер жайт, қоныс аударушылар халық аз шоғырланған ауыл-аймақтарды сақтап қалуға да үлес қосып жатыр.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
20:13, 26 қараша 2020
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚ...
Толығырақ...
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
20:06, 26 қараша 2020
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
20:04, 26 қараша 2020
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...