ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА БАСТАЙДЫ

20:30, 26 маусым 2020

Жалпы елдегі діни ахуал айтарлықай тұрақтанды десек болады. Осы орайда жағдайдың қалыпқа келуіне нендей іс-шаралар әсер етті? деген заңды сұрақ туындайды. Ол жергілікті дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының сауатты жұмыс істеуінің жемісі. Ал, олардың біліктілігін арттыруға оқыту шараларының оң әсер ететінін ешкім жоққа шығармайды. Осы орайда облыс орталығына Алматы қаласынан дін танушы ғалымдар келіп, қостанайлық мамандарға дәріс оқып, өзара тәжірибе алмасты.

Қазір Қазақстанда діни ахуал бірқалыпты. Соңғы жылдары жергілікті жерлердегі діни ахуалды бақылайтын, жат ағымдардың белең алуына жол бермеу мақсатында өңірлік  әкімдіктер жанынан Дін істері жөніндегі бөлім құрылып, жүйелі насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Олардың осы реттегі еңбегін еліміздегі діни алауыздыққа тосқауыл қою жолындағы маңызды жұмыс деп бағалауға болады, - дейді семинар бастамашылары.

Мұндай әлеуметтік маңызы зор жобаны іске асырудың арқасында халық арасында ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарының сапасы артары сөзсіз. Осы орайда діни тұрғыда дәріс беретін мамандардың жұмыс жүргізу тәртібі, тыңдаушылар ортасында өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәдениеті барлығы үлкен рөл атқарады, - дейді алматылық профессор.

Осындай оқыту семинарларын жүзеге асыру нәтижесінде қазақстандық қоғамның рухани дамуының негіздерін нығайта түсуге, мемлекеттік жүйенің зайырлы принциптерін сақтауға, бөтен идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыруға, қауіп-қатерлерге тойтарыс беруге және олардың алдын алатын қабілетті мамандарды даярлауға зор мүмкіндік туады.

Тақырып бойынша материалдар

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ДӘРІС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
20:12, 1 желтоқсан 2020
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ДӘРІС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
20:13, 26 қараша 2020
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚ...
Толығырақ...
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
20:06, 26 қараша 2020
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...