ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ТЫҢ СЕРПІН

20:30, 10 қыркүйек 2020

Жергілікті туристік маршруттарға сұраныс күннен күнге арта түсуде. Әсіресе, оңтүстік аймақтарда Амангелді, Жанкелдин аудандары мен Арқалық қаласында ішкі туризмнің әлеуеті жоғары. Тамыз айында Амангелді ауданында жол бойында туристік хабтың құрылысы басталды. Нысанды салуға жекеменшік қайырымдылық қоры қаржы бөліп отыр. Игі бастама аясында мейрамхана, тамақтандыру нысандары, тарихи ескерткіштер, мысыр пирамидасы мен амфитеатр бой көтереді. Құрылыс 2023 жылға дейін жоспарланған.

Пандемиядан кейін ішкі туризмге деген сұраныстың едәуір артқаны байқалады. Өңірде саяхаттаушыларды қызықтыратын көркем жерлер көп. Саламамандары осылай деп отыр.  Мәдени-танымдық,  экологиялық туризмнен  бөлек, демалысты  көңілді өткізудің  басқа  да туристік маршруттары қарастырылған.  

Киелі нысандар,  ескерткіштер. Амангелді ауданы да  тарихи-мәдени орындарымен ерекшеленеді. Табиғаты көркем құм кешу - тынығуға арналған демалыс орындарының бірегейі. Бұл демалыс орны шетелдік курорттан еш кем түспейді. Жергілікті кәсіпкерлердің бірі құмның үстіне ақ шаңқан киіз үй орнатқан. Демалушылар осында  ұлттық тағамдарға тапсырыс бере алады.

Осылайша, оңтүстік өңірге келушілердің қатарын көбейтуге жақсы мүмкіндік барЖақында туристік компания өкілдері  квкест ойының өткізу мақсатында Торғай өңіріне  жол тартты.   Келер жылы мұнда  жол жөндеу жұмыстары тәмамдалып, киелі орындарға  туристік маршруттар  көптеп ұйымдастырылады.  Агротуризм де көпшілікті  қызықтыруда.

Өңірлерде инфрақұрымылымды жақсарту - ішкі туризмнің қарқын алуына серпін берер қадам. Туристер  жайлы демалу үшін  келіп тоқтайтын орыны бәрі  қарастырылуы керек. Бұл мәселелерді шешу жергілікті билік тізгініндеген басшылар мойнына жүктелген.   Қостанайда  да демалушылар үшін бар жағдай жасалуда. Орталық жағажай ауданында жаңа саябақ бой көтереді. Мұнда триатлон, жүгіру және велосипед жолдары қарастырылмақ. Қостанайға көрік беретін нысан жоспар бойынша биылғы жылдың аяғына дейін тапсырылмақшы.

Тақырып бойынша материалдар

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ДӘРІС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
20:12, 1 желтоқсан 2020
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ДӘРІС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
20:13, 26 қараша 2020
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚ...
Толығырақ...
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
20:06, 26 қараша 2020
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...