ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖАСАЛДЫ

20:37, 31 наурыз 2020

Египеттен Қостанайға келген азаматтар үй карантині ережелерін бұзып, көшеге шыққан. Олар әкімшілік жазаға тартылады. Ал, санитарлық дәрігерлер өз кезектерінде сақтық шараларын күшейтіп, олар тұратын көпқабатты үйге дезинфекция жасады. Және төтенше жағдай режимін елемеудің соңы өзге адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретінін ескертеді.

Қазір ереже бұзғандар уақытша ауруханада оқшауланған, ал көпқабатты тұрғын үйдің кіреберістері арнайы мамандардың көмегімен дезинфекцияланды.  Хлормен қатар, бактерияға қарсы заттар және химиялық ерітінді сапалы тазалайды және тұрғындар үшін қауіпсіз, дейді мамандар. 

Дезинфекцияны бастамас бұрын жұмысшыларға нұсқау беріліп, барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Өңдеуге қатысқандарға қорғаныш костюмдер мен арнайы құралдар берілген. Сондай ақ кіреберістерден басқа, тротуарлар мен аялдамаларды залалсыздандыру да жоспарланған.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  соңғы мәліметтері бойынша, Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ. Алайда сақтық шаралары алдағы уақытта да жалғасады, дейді мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...